ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЖАЛАҚЫСЫН ЗАҢДАСТЫРУ ҚАЖЕТ

Ғалымдардың жалақысын заң жүзінде қарастыру қажеттігін ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының экс-орынбасары Ләззат Құсайынова  ADAL BILIM платформасында өткен тікелей эфир барысында айтты.

Қазақстандық ғылымды дамытуға және ғылыми жобаларға гранттық қаржыны бөлуге қатысты мәселелер ғалымдар арасында талқыланды. Эфир барысында Халықаралық ғылыми ынтымақтастық орталығының президенті әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі бойынша ғалымдардың жалақысы мемлекеттік қызметкерлермен теңестірілетінін атап өтті.

«Мемлекеттік қызметкерлер үшін «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бар. Онда ғалымдар  тәрбиешілермен, медицина қызметкерлерімен, мұғалімдермен қатар қарастырылған. Аталған қаулыда көрсетілген жалақы жүйесі бойынша ғалымдар ең төменгі жалақыны алады. Сондықтан олар мемлекеттік қызметкерлермен теңестіріледі», – деп атап өтті Ләззат Құсайынова.

Ләззат Абайқызының айтуынша, соңғы екі жыл ішінде депутаттардың назарын ғалымдарды қазіргі жалақы жүйесінен бөліп шығару немесе осы шешім шеңберінде жеке төлем жүйесін құру қажеттілігіне бірнеше рет аударған. Яғни жеке қосымшалар дайындап, жалақысын дұрыс есептеу керектігін алға тартады. Талқылау барысында ғылыми қызметкерлерге еңбекақы төлеуді заңдастыруды ұсынды. Өйткені ол салық салуға жататын  зейнетақы төлеу мүмкіндігін қарастыратынын айтады.

Дерккөзз: ҚР БҒМ «ADAL BILIM» жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Halyk Bank тұрғындарға газ тартады

Бей Жел 3 , 2020
Оқылды: 1  230 Halyk Bank әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін газ қосты. Қазіргі уақытта Алматы қаласында 2800-ге жуық жеке тұрғын үй газбен жабдықтау жүйесіне қосылмаған. Қыстың күні көмір жағу арқылы үйді жылыту қаланың экологиялық жағдайына кері әсерін берсе, отбасы үшін артық шығын және әуреге салатыны айдан анық. Осы жылдың басында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала […]