Алматыда бағдарламалау бойынша жазғы мектеп ашылды

Алматы, 2022 жылғы 6 маусым – Бүгін nFactorial School мектебінің, “Шеврон” компаниясының және ITeachMe қоғамдық қорының арқасында Satbayev University қолдауымен Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген 200 қатысушыға арналған бағдарламалау бойынша тегін жазғы мектеп ашылды.

Жазғы мектепті nFactorial School құрылтайшысы, pinemelon.com америкалық стартапының басқарушы директоры, IT кәсіпкері, болашақ бағдарламасының және Пристон университетінің түлегі Арман Сүлейменов ұйымдастырып ашты.

“Мен “Шеврон” компаниясы мен Satbayev University-ге біздің бастамамызға қолдау көрсеткені үшін және еліміз үшін осындай ауқымды білім беру жобасын ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамын. nFactorial School миссиясы – 10 000 жоғары білікті әзірлеушіні дайындау және бүкіл әлемде жүз миллиондаған адамға “Made in Kazakhstan” таңбасы бар бағдарламалық жасақтама өнімдерін ұсына отырып Қазақстанды әлемнің “технологиялық” картасында таныстыру”, – деді Арман Сүлейменов.

Арман Сүлейменовтың білім беру жобалары 2015 жылдан бері 650-ден астам қазақстандық ІТ маманын дайындап шығарды. nFactorial School түлектері  Meta, Google, Apple, Amazon, Reddit, Deepmind, Stripe сияқты технологиялық алып компанияларда, сонымен қатар ТМД елдеріндегі ірі IT компанияларында жұмыс істейді.

Жазғы nFactorial мектебіне қатысушылар веб-бағдарламалау және дизайн негіздерін үйрене алады, ал оқу аяқталған кезде бірегей веб-қолданбалар шығарады. Оларға үздік қазақстандық және халықаралық IT компанияларындағы кәсіби бағдарламашылар тәлім беріп, IT өнімдерін халықаралық нарыққа шығару және ақшалай пайда әкелу жолдарын таныстырады.

Білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясовтың айтуынша, IT білім беру жобалары мемлекеттің дамуында маңызды стратегиялық және әлеуметтік рөл атқарады. “Президент Тоқаев бірнеше рет айтып кеткеніндей, біздің елімізге жас, білімді және ынталы кадрлар қажет және елдің барлық аймағынан келген 200 дарынды жасқа арналған жазғы бағдарламалау мектебі 100 000 жоғары білікті IT маманды әзірлеу жолындағы тағы бір қадам. Сіздерге жазғы мезгілді пайдалы өткізулеріңізді тілеймін және Қазақстанымыздың дамуы мен гүлденуіне үлкен үлес қосатын болашақ көшбасшылар, бағдарламашылар, оқытушылар және шығармашыл адамдар арасында сіздерді көремін деп сенемін”, – деді мектептің ашылу салтанатында вице-министр.

Мектеп қатысушыларымен Google компаниясында бұрын әзірлеуші болған, nFactorial мектебінің 2016 жылғы түлегі және қыздарға арналған Exponential білім беру стартапының негізін қалаушы Назерке Қалидолда да кеңестерімен бөлісті.

Апта сайын қатысушыларға “алып” бағдарламашылар – Meta, Google, Apple, Reddit компанияларының және Кремний алқабы мен ТМД стартаптарының жетекші бағдарламашылары мен дизайнерлері қонақ болып дәріс оқитын болады.

Жоба нәтижесінде қатысушылар 150-ден астам қазақстандық өнім әзірлейді, олардың ең үздіктері инвесторлар мен кәсіпкерлерге стартап презентациясында ұсынылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған шағын гранттар байқауы!

Сей Мау 7 , 2022
Оқылды: 886 🟢«Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ «Қазақстанда БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыруға азаматтық қоғам институттарын тарту» жобасын іске асыру шеңберінде Үкіметтік емес ұйымдарына арналған Республикалық шағын гранттар байқауын жариялайды. 🎯Байқау мақсаты –2030 жылға дейінгі БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған азаматтық бастамаларды қолдау. ♻️Гранттардың […]