http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.
Журналистер қауіпті мамандықтар санатына қосылады. Беті аулақ, бірақ соғыс болса – алғы шепте оқтың астында, өрт болса- оттың ішінде, сел, тасқын болса – судың ішінде жүріп хабар таратады. Бір сөзбен айтқанда, қайнаған өмірдің ләззатын таратса, қиналған елдің басын сүйеп, сыздаған балтырын сипап, мұң-мүддесіне ортақтасады. Өмірдің ыстық-суығы журналистің қаламынан таса қалмайды. Олай болса, мемлекет тарапынан қамқорлық керек.
Біздің қоғамда журналистің еңбегі бағалана бермейді. Шындықты айтса, билікке жақпайды. Жасырып қалуға халықтан ұялады. Шерхан Мұртазаның сөзімен айтқанда » арқалағаны – алтын, жегені – жантақ». Сондықтан, заңымызды да қайта қарайтын уақыт келді!
Журналистерді төртінші биліктің иесі дейді. Мен журналистердің қолында осы төртінші биліктің тізгінінің барына күмәнданамын…
Мақпал Орынбетова. «Дидар» телеарнасының журналисі. Жезқазған.