Жыл соңына дейін теңгебағамы өзгере ме

Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова 20 ақпанда Алматыда өткен Women in Business халықаралық іскер әйелдердің форумына қатысты. Басқарма төрайымы бүгінде бизнес жүргізуде әйелдер ер адамдардан кем түспейтінін атап өтті.

Банк басқарма төрайымы форумда сөйлеген сөзінде 2023 жылды қорытындылап, 2024 жылға өз болжамын айтты.

Жағдай тұрақталды, біз жақсы экономикалық өсім көрсеттік. Банкирлер ретінде біз үшін үлкен мәселе болды — санкцияларды сақтау. Біз банк ретінде санкциялық шектеулерге байланысты белгілі бір мәмілелерді жоғалттық. Дегенмен біз кез келген уақытта көптеген күтпеген жағдайларға, мысалы, мемлекеттік саясаттағы, геосаяси алаңдағы өзгерістерге үйреніп қалдық. Бизнесті жаңа жағдайларға бейімдеуді үнемі талап ету қалыпты жағдайға айналды, – деді банк басқарма төрайымы.

Шаяхметованың айтуынша, былтыр экономикалық өсім 5%көрсетіп, инфляция 9,8%-ға төмендеген. Сондай-ақ, ол базалық мөлшерлеме азайған. Айтуынша, 2024 жылдың қаңтарында базалық мөлшерлеме 15,25%-ғадейін түскен.

Осы ретте банк басқарма төрайымы жыл соңына қарай базалық мөлшерлеме қандай болатынына болжам жасады.

«Біздің болжамымыз бойынша, жыл соңында базалық мөлшерлеме шамамен 12% болады, яғни ол төмендей береді, ал теңге бағамы шамамен 485 теңге болады деп болжап отырмыз. Ал инфляция Үкімет пен Ұлттық Банк болжамынша, 8% шамасында болады«, – деді Halyk Bank басқарма төрайымы.

Сондай-ақ, Үміт Шаяхметова еліміздегі несиелеу мәселесіне тоқталды. Айтуынша, негізгі өсім бөлшек портфельде байқалды. Басқарма төрайымы Halyk Bank бөлшек портфеліндегі несиелеудің өсімі 30%-ға жетіп, бизнеске арналған кредиттік портфель 13%-ға артқанын атап өтті.

Негізгі өсім қараша-желтоқсан айларында тіркелді. Мен мұны базалық мөлшерлеменің төмендеуімен байланыстырамын, өйткені бизнес үшін 20-25%-ға несие алу өте қымбат, себебі маржаны да сақтау қалу керек. Бүгінгі теңге мен рубль арасындағы диспропорцияға байланысты ресейлік өндірушілер тарапынан үлкен бәсекелестік бар, сол сондықтан да біздің өндірушілерге жоғары мөлшерлемемен бәсекелесу қиынға соғады, – дейді Шаяхметова.

Бұдан бөлек, Шаяхметова елімізде 2024 жылы басталған жалпыға бірдей декларациялау тақырыбына тоқталды.

Өте үлкен мәселе – ақпараттың құпиялылығы. Мысалы, өткенде ҚазҰУ тізіміне байланысты шыққан жанжал (студенттердің интимдік өмірі туралы таралған жеке ақпарат). Сонымен қатар, алаяқтық мәселесі – алаяқтардың деректерді қайдан алғаны белгісіз. Бұдан басқа, салық төлеушілердің мәселесі –олар декларацияны қалай қолданады, әлі белгісіз. Есеп берудің нақты түрлері әлі жоқ. Дәл қазіргі кезең бұл қаржыгерлер мен салық салушыларға арналған уақыт – мысалы, консалтингтік бизнес ашуға болады, біз де банк ретінде бұл туралы ойланып жатырмыз, – деп қорытындылады сөзін Үміт Шаяхметова.

Ақбота Қазкенова 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті 

Филология факультетінің 3 курс студенті

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

ЮНЕСКО белгілеген Білім күні аясында III PR Қысқы мектебі

Жек Ақп 25 , 2024
Оқылды: 550 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасымен бірлесіп ЮНЕСКО белгілеген халықаралық Білім күні аясында III PR Қысқы мектебін өткізеді. Қысқы PR мектепке Қазақстан, Германия, Британия, Түркия, Ресей елдерінен БАҚ өкілдері, PR мамандары, ЖОО оқытушылары мен Ауғанстан, Иемен елдерінен студенттер, магистранттар, […]