Сарбаздар үйлеріне абыроймен оралады

Қарағанды гарнизонына қарасты, 44803 әскери бөлімінің шеру алаңында өткен күзде Қарулы Күштер қатарына шақырылған сарбаздармен салтанатты қоштасу рәсімі өтті.

170 әскер қатарына шақырылған жігіттер Алматы, Павлодар және Астанадағы туған-туыстарына күш-қуаты тасып, есейген шақтарында елге оралады.Қызмет еткен жылдарында қатардағы жауынгерлер әскери істерді зерттеп, сеніп тапсырылған қару-жарақтарды үйреніп, алған дағдыларын тәжірибеде шыңдады. Қоштасу рәсімі, командирлердің ізгі тілектері жігіттердің жадында мәңгі сақталады.

Сіздер ерлік жолында тәжірибе жинап, Отанымыздың лайықты ұлдары болдыңыздар. Бір жыл ішінде сендердің атқарған еңбектеріңе алғыс айтамын. Өмірде өз жолдарыңды табуыңа тілектеспін. Осы орайда Қарулы Күштер қатарында алған шыңдалу жолы өмірлеріне септігін тигізетініне сенімдімін», – деп алғысын білдірді 44803 әскери бөлім командирі полковник Александр Николаевич Бородулин.

Қызмет барысында ерекше көзге түскен сарбаздар жауынгерлік даярлық пен үлгілі әскери тәртіпте үздік деп танылғандар мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтармен марапатталып, ата-аналарына алғыс хаттар жолданды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Журналистика кафедрасы қарағандылық медиа мамандары арасында волейболдан турнир өткізді

Сәр Қар 1 , 2023
Оқылды: 469 Биыл академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің филология факультетіне 85 жыл, журналистика кафедрасына 30 жыл толып отыр.  Осы орайда филология факультеті мен журналистика кафедрасының ұжымы өңірдегі журналистерді жинап, волейболдан турнир өткізді. Филология факультеті Қарағанды мұғалімдер институтының қабырғасында 1938 жылы ашылған еліміздегі ең алғашқы факультеттердің бірі. Бүгінде институт академик […]