Мас жүргізуші – қылмыскер

Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасы әскери автомобиль полиция бөлімшесінің бастамасымен гарнизон шеңберінде «Мас жүргізуші – қылмыскер» айлығы ұйымдастырылды.

Аталмыш айлық, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігіне және әскери қызметшілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны мен олардың салдарының ауырлығын азайту мақсатында өткізілді. Шара барысында Қарағанды гарнизонының барлық әскери бөлімдері мен мекемелерінде жол-көлік оқиғаларын алдын-алу мақсатында, белгіленген қозғалыс жылдамдығын асыру,  қарсы қозғалыс жолына шығу мен озу ережесін бұзу, алкогольді мас күйде көлік құралын басқару, жаяу адамдармен белгіленбеген жерде жолды кесіп өту яғни жол көлік оқиғаларына себеп болып табылатын құқық бұзушылықтар бойынша сабақтар өткізілді. Сонымен қатар, Қарағанды облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменінің ғимаратында Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери бөлімдерінің жеке құрамына Қарағанды қаласының Наркологиялық диспансерінің нарколог-дәрігері Елена Шихатова шақырылып, шара қонағы алкогольді пайдаланудың зардаптары және мас күйде көлікті басқарудың әсерлері тақырыптарында алдын-алу сұқбатын жүргізді.

 

 

Біздің қоғамдық ортада, елімізде мас күйінде көлік жүргізгендерге заң жазаны қатайтқанына қарамастан, «ащы су» ішіп алып, темір тұлпар тізгіндейтіндер айыл жияр емес. Статистикалық көрсеткіш күн өткен сайын артып келеді. Әскери қызметкерлер мұндай қателікке мүлдем жол бермейді. Заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында біз мұндай шараларды жиі өткізіп отырамыз, – деп атап өтті Қарағанды өңірлік гарнизонының Әскери полиция басқармасы әскери автомобиль полиция бөлімінің бастығы, майор Дүйсенғали Шайкенов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Құмар ойын қызып тұр

Дүй Там 14 , 2023
Оқылды: 564 Қарағанды ​​өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасы, облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығының маман психотерапевттерімен бірлесіп, «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 36352 әскери бөлімінің базасында барлық санаттағы әскери қызметшілермен: «Құмар ойындар және оның салдары, суицидтік тәуекелдердің алдын алу» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды. Мамандардың мәліметіне қарағанда, ойын тәуелділігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерт […]