Он саусағынан өнер тамған сарбаз

Қазақстан Республикасына қызмет етемін!

«Өнер – ұлт келбеті», – дей­ді дана халқымыз. Өнерде шек болған емес, оны түсінуге тілдің де керегі жоқ. Бүгінгі күндемузыкалық домбыра аспабында күй орындау шеберлігімен талайды тамсандырып жүрген өнерпаздардың қатары аз емес. Домбыраға қызығып, күй тартуға талаптанған жандардың саны күннен-күнге артып келеді. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің 06708 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген мерзімдік қызмет әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Мұса Ислам Серікұлы.

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев:

«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!….» – деп, өлең шумақтарымен келістіргеніндей,

он саусағынан өнер тамған қатардағы жауынгер И.Мұса әскер қатарына осы биылғы көктемде шақырылып, жақында ғана 06708 әскери бөлімінің жас сарбаздарымен бірге Әскери ант қабылдады.

Қарапайым отбасында дүниеге келген Ислам өнерге құштар болып, ер жетеді. Білім ошағының 3 сыныбында оқып жүргенде Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатында дәріс алып, домбырамен күй орындау өнеріне ден қояды.Бүгінгі күнде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер Ислам Мұса есімдері елге кең танымал күйшілердің күйлерін шеберлікпен орындай алады. Сөзіміз шындыққа жанасу үшін талантты сарбаздың көз алдымызда күй атасы Құрманғазының «Балбырауын», Дәулеткерейдің «Қос алқа», Тәттімбеттің «Сарыжайлау» және Динаның «Тойбастар» күйлерін шеберлікпен орындап бергенін көзіміз көрді.

Біздің білетініміз, Павлодар облысынан талай өнер майталмандарының есімдері елге танымал болғандығы белгілі. Мәселен, атақты әнші Жаяу Мұса әрі ақын, әрі композитор атанса, қазақ халқының ақыны Иса Байзақов әншілік, әртістік, домбыра тарту өнерлерін қатар алып жүрген екен. Әншілік өнерімен Майра Уәлиқызы мен Меруерт Түсіпбаева халық алдында ән салса, бүгінгі күнде көпшілік қауым Павлодар облысының тумасы Иманбек Зайкеновтың Rosses SAINt IHN композициясымен әлемдік «Грэмми» (Gremmi) жүлдесін жеңіп алғанын біледі. Осы тұрғыда айтарымыз, өнерпаз сарбаз Исламбектің арманы көп екен. Отан алдындағы борышын өтеген соң, қатардағы жауынгер Исламбек Мұса Астана қаласындағы «Шабыт» ұлттық өнер Университетіне оқуға түсуді армандайды.Қатардағы жауынгер Ислам Серікұлының пайымдауынша: «Домбыра үні ешқашан тыңдаусыз қалмайды. Жеке құрам алдында Астана қаласының құрылғанына 25 жыл толу мерейтойына арнап, өнер көрсетсем деген ойдамын. Отан алдындағы мінсіз қызметте де өнерді тастамай, өзіммен бірге алып жүретінім анық. Өнер – таусылмас қазына екенін білемін».

Сөз арасында сарбаздың ойынан әскер қатарына шақыру кезіндегі қынжылысы бар екенін де байқадық. Үйінен енді шыққан жас жігіт Исламбекті Павлодар қаласының көшелерінің бірінде әскерге баруға кезекші полиция жасақтары ұстап әкеліп жеткізген екен. Осы ретте сарбаз мұның бәрі заң аясында тәртіпке келтіріліп, келешекте жастарды арнайы шақыру қағазымен әскер қатарына алынуы керектігін алға тартты.

Өзі сарбаз бола тұрса да, өнерді тастамаған қатардағы жауынгер Мұса Ислам Серікұлының әлі талай биіктерді бағындыратыны сөзсіз. Өнерпаз сарбазымыздыңәрқашан жолы ашық болсын! 

Думан Жұмашұлы лейтенант

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Еліміздің қолөнер шеберлерінің бұйымдары Вашингтондағы музейде көрсетіледі

Дүй Шіл 10 , 2023
Оқылды: 481 «Шеврон» компаниясы «Soul of Tengri:  Tánir Álemi Kazakh Traditions and Rituals» бағдарламасы шеңберінде «Smithsonian Artisan Initiative»  ұйымымен серіктестік орнатты.   «Шеврон» компаниясы «Soul of Tengri: Tánir Álemi Kazakh Traditions and Rituals» бағдарламасы шеңберінде «Smithsonian Artisan Initiative» ұйымымен серіктестік орнатты.«Шеврон» компаниясының қолдауымен 6-11 шілде аралығында өтетін осы жаңа бағдарлама  шеңберінде  Смитсон фольклорлық фестивалінде және Вашингтон қаласындағы Ұлттық азиялық […]