Қарағандылық балалар садақ ату республикалық турнирінде жүлделі болды

Республикалық садақ ату турниріне еліміздің әр түкпірінен Қарағандыға 150 спортшы жиналды. 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар өздерінің мергендік өнерлерін көрсетті.

Әлібек Есиркеп 11 жаста. Республикалық садақ ату ашық турнирінен 2 орын иеленді. Соның ішінде жамбы ату сайысынан үздік атанды. Дәстүрлі ойынға қатысып жүргеніне небәрі екі жыл болды. Бұл дода Әлібектің алғашқы сайысы. Ат құлағында ойнаған батырлардың жолын жалғар жеткіншек дода спортын да қолға алған. Онда аудараспақ сайысынан бірінші орынды былтыр қанжығасына байлаған еді. Әлібекке дәстүрлі ойын, оның ішінде атқа міну ұнайды.

Мен бұл спортты жақсы көремін. Жаныма жақын десем де болады. Осыған дейін талай үйірмеге барған болатынмын. Бірақ, көңіліме қонбады. Ал, садақ ату мен атқа отыруды жаным сүйеді. Қазақтың иісі шығатын нағыз ерлердің ойыны. Денсаулыққа пайдалы. Садақ атуға бірінші рет биыл қатыстым. Еліміздің түпкір-түпкірінен келген мықты спортшылар аз болмады. Бірақ, барымды салып, 15 метрлік қашықтықтан жамбы ату сайысынан үздік шықтым. Жаттықтырушым – Әсет ағайға алғысым шексіз.

Ұлттық спорт түрінен біріншілік төрт жас санаты бойынша өтті: 7-ден 9-ға дейін, 10-нан 12-ге дейін, 13-тен 15-ке дейін және 16-дан 18 жасқа дейін. Сонымен қатар, топтар ұлдар мен қыздарға бөлінді. Мергендер үш бағытта жарысты. Жас спортшылар олимпиадалық (фито), түрік (путо) және қазақ (жамбы) нысаналарына оқ атты. Мамандардың айтуынша, соңғысы ең қиыны болды. – Садақ ату соңғы 2–3 жылда жаңадан қарқын ала бастады. Бүгін қатысушылардың саны көп болғаны қуантып отыр. Қызу шайқастар 10-12 жас санатындағы жасөспірімдер арасында өтті. Балалар спортқа қызығушылықпен барады. Көпшілігінде садаққа деген құштарлық бар. Олар қаншалықты көп жаттықса, құлшыныстары соншалықты көбірек оянады, – дейді жарыс төрешісі, садақ атудан Қазақстан чемпионы Айым Тілепберген.

Жарыс қорытындысы бойынша Алматы, Нұр-Сұлтан және Маңғыстау облыстарының қатысушылары ең көп медаль жеңіп алды. Қарағандылық спортшылар оларға жақсы бәсекелестік көрсете білді. Осылайша қоржынға екі алтын, бір күміс және төрт қола медаль жинады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді.

Бей Нау 10 , 2022
Оқылды: 1  098 Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті атақты дәрігерлер мен оқытушылардың есімдерін мәңгі есте қалдыру дәстүрін «Тағзым – Мы помним. Мы гордимся» атты тақырыпта жалғастыруда. Бүгін Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында ҚазҰМУ онкология кафедрасына Қазақстандағы онкологиялық қызметтің негізін қалаушы Сәкен Нұғманұлы Нұғмановтың есімі берілді. Сәкен Нұғманұлы – […]