Мемлекеттік қызметтегі реформа: халықаралық онлайн жиын

“Мемлекеттік қызметтің ағымдағы реформалары: сын-тегеуріндері мен перспективалары” атты онлайн конференцияға 20 елден 200-ден астам уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, мемлекеттік қызметшілер, ғалымдар мен сарапшылар, сондай-ақ БҰҰ, ЭЫДҰ және Дүниежүзілік Банк сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Іс-шараның құрметті қонағы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Халықаралық азаматтық қызмет жөніндегі комиссиясының төрағасы Ж.М. Ларби Джакта өз сөзінде конференцияны ұйымдастырушы тараптарға тәжірибе және өзара білім алмасуға осындай алаң ұсынғаны үшін алғыс айта отырып, бұл уақыт өңір елдері үшін қарқынды және маңызды кезең екенін атап өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет қалыпты өмір мен қалыпты жұмыс жасауға оралуы үшін барлық күш-жігерді біріктірулері қажет деп ойын түйіндеді.

Өз құттықтау сөзінде Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов өткен екі жыл бүкіл әлемдегі үкіметтер үшін елеулі сынақ болды дей отырып, пандемия, бір жағынан үлкен сынақ, екінші жағынан   жалпы мемлекеттік секторды және мемлекеттік қызметті реформарлауға түрткі болды деп айтты. «Бұл ретте реформалардың бір бөлігі пандемияның сын-тегеурініне жауап ретінде жүргізілсе, ал екінші бөлігі  HR рөлін арттыру, мемлекеттік аппараттың бейімділігі мен басқару құрылымдарының икемділігін арттыру, таланттарды іздеу, кәсіпқой мамандарды ұстап қалу, ынталандыру, бағалау және оқыту тетіктерін әзірлеу бойынша бұрын жоспарланған шараларды жалғастыру болды » – деді.

Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік емтихан орталығы төрағасының орынбасары Бахрам Халилов өзінің құттықтау сөзінде елдер арасында тәжірибе алмасудың маңыздылығын атай отырып, Әзірбайжан үшін «территориялық тұтастықты қамтамасыз ету және басып алынған жерлерді жандандыру қажеттілігі бүкіл мемлекеттік басқару жүйесіне, атап айтқанда мемлекеттік қызметке жаңа сынақтар туғызды»деді.

Конференцияның негізгі бөлімінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дауешов, Грузия Мемлекеттік қызмет бюросының директоры Екатерина Кардава,   Украинаның Мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі ұлттық агенттігінің басшысы Наталья Алюшина, Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Алмазбек Акматалиев, Солтүстік Македония Ақпараттық қоғам және әкімшілік министрлігінің бұрынғы мемлекеттік хатшысы, профессор Яхи Яхия, сондай-ақ Әзербайжан Республикасы Мемлекеттік емтихан орталығы департаменттерінің басшылары Вугар Асгаров пен Вали Хусейн баяндама жасады. Спикерлер өз елдеріндегі мемлекеттік қызметтің қазіргі жағдайы мен реформалау бағыттары, сондай-ақ алдағы уақытта шешімін күтіп тұрған міндеттер туралы айтты.

Сонымен, конференцияға қатысушылар Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыру шаралары, Әзербайжанның мемлекеттік қызметті реформалау стратегиясы және құзыреттілік моделі, Украинадағы мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау жүйесі, Грузиядағы тәлімгерлік, коучинг және таланттарды басқару бағдарламасы, Қырғызстандағы мемлекеттік қызметтегі ағымдағы реформалары, сондай-ақ Солтүстік Македония мемлекеттік басқаруындағы партиялық патронат туралы ақпарат алды.

Баяндамалар барлық қатысушылар арасында белсенді пікірталас тудырды. Олар мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру мен аттестаттаудан бастап, құзыреттер моделін қолдану және оның мемлекеттік қызметшілердің қызметіне әсері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді тетіктері мен саяси қызметке тағайындау үшін қажетті критерийлерге дейінгі мәселелер жөнінде сөз қозғады.

Конференция Астана мемлекеттік қызмет хабы және Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік емтихан орталығымен ұйымдастырылды.

Конференцияның тікелей көрсетілімінің бейнежазбасын Астана хабының Facebook-тегі парақшасында көруге болады. Конференцияның барлық материалдары Астана хабының ресми сайтында қолжетімді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қарағанды облысы ҚХА: «Шаңырақ» журналистер байқауы

Жұм Қыр 24 , 2021
Оқылды: 1  372 ЖУРНАЛИСТИКА САЛАСЫНДА «ШАҢЫРАҚ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер 1.1. Журналистика саласында «Шаңырақ» шығармашылық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізуге  арналған осы Ереже Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейін) даму тұжырымдамасын жүзеге асыру Іс-шаралар Жоспарын (15 тармақ) орындау мақсатында, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму […]