Қазақ мемлекеттілігінің қалпына келтірілген күні

Қарағандыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақ күнтізбесіндегі айшықты дата Қазақ мемлекеттілігінің қалыпқа келтірілгеніне 180 жыл толу құрметіне орай тағылымы мол шаралар өтеді.

Қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіру жайлы сөз болғанда алмағайып күрделі кезеңде Тәуелсіздік үшін күресіп,қазақ деген көшпелі жұрттың туын жықпай, саналы ғұмырын ат үстінде өткізген
ұлт қайраткерлері Кенесары хан,  Әлімхан Ермек, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын,Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев және басқа да ұлыларымыз еске түседі. Олардың бірі қазақтың батырлар институтына тән күрескерлік жолды таңдаса, енді бірі саяси, дипломатиялық жолмен қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіруге үлес қосты. Ұлт қайраткерлерінің бұл еңбектері зая кеткен жоқ. 1841 жылдың қыркүйегінде барша қазақ рулары Кенесары Қасымұлын ақ киізге  көтеріп, хан сайлады. Осы арқылы қазақ халқының мемлекеттілігі Абылай хан қайтыс болғаннан кейін 60 жыл өткен соң қайта жаңғырды.
Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту жолында қазақ шекарасын белгілеуге қатысқан Ә.Ермеков,
1917 жылы құрылған Алашорда үкіметінің басшысы болған Әлихан Бөкейхан,
1917 жылы құрылған Түркістан автономиясының бастауында тұрған Мұхаммеджан Тынышпаев және Мұстафа Шоқайдың еңбектері зор.
2021 жылдың қыркүйегінде осы тарихи мәні терең оқиғаға 180 жыл толады.
Бұл тарихи  күнді келер ұрпаққа насихаттау мақсатында Қазақ күнтізбесіндегі 15 қыркүйек Қазақ мемлекеттілігі қалпына келтірілген күн болып белгіленді. Осы айтулы датаны атап өту мақсатында
18 қыркүйекте, сенбі күні
сағат 10.30-да Әнет баба мешітінде ұлт Тәуелсіздігі үшін күрескен тұлғаларға арнап құран оқылады.
сағат 11.00-де Мемлекеттік көкбайрақ орнатылған тутұғырға  гүл шоқтары қойылады.
25 қыркүйекте
сағат 11.30 «Ұлт қайраткерлерінің қазақ мемлекеттілігін қалпына келтірудегі ролі» атты дөңгелек үстел өтеді. Шара ұйымдастыруға мұрындық болып отырған «Қазақ халқының мұрасы-Мәңгілік ел» кітаптар сериясы жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Ұйымдастырушы Н.Сұршаұлының сөзінше мұндай тарихи даталарды ұлықтау, әрі оларды жас ұрпаққа насихаттау жастар тарапынан ұлттық тарихқа деген қызығушылықты оятады. Сондай-ақ аталған шараға қоғамдық негізде құрылған ұлттық жобаларды қаржыландыруды мақсат тұтатын «Қазақ жігіттері және Қазақ қыздары» меценаттар клубы қолдау білдіріп отыр.


Айта кету керек, «Қазақ халқының мұрасы-Мәңгілік ел» кітаптар сериясы жобасы аясында жұртшылыққа бұған дейін Тәуелсіздік лентасы, Жауынгерлік Даңқ лентасы мен Қазақ күнтізбесі сияқты бірегей жобалар ұсынылған болатын. 15 қыркүйектен бастау алатын шаралар айдың аяғына дейін жалғасады деп жоспарлануда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қазақстанда "Тоғызқұмалақ күнін" белгілеу керек

Бей Қыр 16 , 2021
Оқылды: 1  594 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ұ. Маминге Құрметті Асқар Ұзақбайұлы! Өзіңіз білетіндей, тоғызқұмалақ – ұлтымыздың адамзат мәдени мұрасына қосқан үлесінің жарқын үлгісі. Ғасырлар бойы тоғызқұмалақ ойшылдар күш сынасатын зияткерлік ойын да, зерде, зейін, қисынды ойлауды жетілдіретін тәрбие құралы да болып келді. Ұлы Абайдың тек өзі ойнап қоймай, маңайында мектеп қалыптастырып, […]