Қарағанды университетінің әскери кафедрасында танк тренажері іске қосылды

Қарағандыда Т-72 танкісінің механик-жүргізушілерін дайындауға арналған бірегей тренажер жасалды. Оны Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің әскери кафедрасының қызметкерлері әзірлеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Курсанттар онда әскери машиналарды басқару дағдысын пысықтай алады. «Көрнекілік үшін жүргізуші-механиктің орны бөлек тұрғыда көрсетілген. Тренажердің көмегімен қозғалтқышты әртүрлі тәсілдермен дайындау және іске қосу, жүргізу элементтері, сондай-ақ моторесурстардың шығынсыз жасанды және табиғи кедергілерден өту пысықталады. Сонымен қатар, тренажер курсантқа құралдардың осы танкте орналасуын тез үйренуге мүмкіндік береді», – деді әскери кафедра бастығының орынбасары запастағы полковник Асқар Сатылханов. Т-72 Қазақстан армиясының құрамына енгізілген. Тренажер механик-жүргізуші орны әскери көліктің параметрлеріне ұқсас. «Біз басқару органдарын, қосалқы механизмдерді, аспаптарды орналастыру сызбаларын әзірлеп, жасадық. Бұл тренажердің қосымша артықшылығы оның мобильділігі болып табылады, яғни оны бір орыннан екінші орынға жылжытуға болады», – деп атап өтті әскери кафедраның аға инженері запастағы полковник Игорь Тюнин. ҚарМТУ әскері кафедрасы қызмет етіп келе жатқан 66 жыл ішінде онда 20 мыңнан астам офицерлер мен запастағы сержанттар тәлім алған. Көптеген түлектер ҚР Қарулы күштерінде және басқа да ведомстволарында қызмет атқарады.

https://www.inform.kz/kz/karagandy-universitetinin-askeri-kafedrasynda-tank-trenazheri-iske-kosyldy_a3607472

Келесі мақала

Air Astana Үрімші мен Бейжіңнен жолдама алған турларды кері қайтарды

Жек Қаң 26 , 2020
Оқылды: 1  715 Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады. Қазіргі уақытта еліміздің әуежайларында ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ел аумағында аса қатерлі инфекциялардың таралуына қарсы қажетті шаралар атқарылып жатыр. Жолаушылар арнаулы стационарлармен және қол тепловизорлармен тексерілуде. Әуежай қызметкерлері күн сайын мұндай жағдайда жасалатын іс-әрекет тәртібі мен қатерлі инфекция анықталған елдерден келетін […]