РЕЙТИНГІ ТӨМЕН ОҚУ ОРЫНДАРЫН ЖАБУ ҚАЖЕТ

Биыл Білім және ғылым министрлігі  «педагогикалық ғылымдар»,  «өнер»,  «гуманитарлық ғылымдар», «жаратылыстану ғылымдары»,  «техника ғылымдары»,  «қызмет көрсету» және  «әлеуметтік жұмыс»,  «әлеуметтік ғылымдар» бағыты бойынша мамандар даярлаған 25 жоғары оқу орнын лицензиясынан айырды.

Алматыдағы Мұхамеджан Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының лицензиясынан айырылуы халықты селк еткізгені белгілі. Осы тақырып төңірегінде Қазақстан ұлттық арнасының  «Ашық алаң»  бағдарламасы эфирінде М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU Университеті Басқарма Төрағасының орынбасары Ерболат Мұхамеджан өз ойын айтып берді.  

«Маған мемлекеттік қызметте жүрген таныс азаматтар университтерді жауып жатқаны дұрыс емес қой»,- деп қынжылады. Олар универсиеттерді жабу абырой беретін жұмыс емес деп ойлайды. Неге? – деп сұрағанымда, бұл әлеуметтік мәселе  болғандықтан ертең студенттердің жағдайы қалай болады? – деп жауап береді. Дәл осылай ойлайтын адамдар 3-4 жылғы проблеманы ғана  ескеріп тұр. Студенттердің басқа оқу орнына ауысуы да күрделі мәселе. Бірақ 10 жылдан кейінгі жағдай ше? Сабаққа бармаған, сапасы төмен университетте оқыған адам диплом алған соң қандай маман болып шығады? Бізді осы мәселе алаңдатуы керек», – дейді Ерболат Мұхамеджан.

«Нарықта жүрген бір компанияның иесімен де осы мәселе бойынша сөйлестім.  Менің балабақшам бар. Бауырларым сонда жұмыс істейді. Қарындасым Шымкентте бір университетте оқып жүр.  Жыл бойы сабаққа барған жоқ.  Бірақ диплом алып шықты. Қандай маман болып шықты деп қорқамын», – дейді әлгі жігіт. Ертең мұндай мамандар бізді емдейді, балаларымызға сабақ береді, қауіпсіздігімізді қорғайды. Сондықтан заман талабына сай маман дайындай алмайтын, рейтингі төмен оқу орындарын жабуды қолдау қажет»,- дейді ол.

Ерболат Мұхамеджан

М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU Университеті Басқарма Төрағасының орынбасары

Дерекөз: М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU Университеті Баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

САПАЛЫ БІЛІМ СҰРАП МИТИНГКЕ ШЫҚҚАН ЖАН ЖОҚ

Бей Қаз 29 , 2020
Оқылды: 2  540   Біз үкіметтен талап еткен кезде материалдық жағдайды басты назарға қоямыз. Киім, тамақ, үй талап етеміз. Неге, сапалы білім бер,-деп сұрамасқа? Мектептер мен университеттер сапалы білім бермейді деген талаппен митингке шыққан адамды көрдіңіз бе?    «Лайықты білім бере алмайды, сапалы білім алудың жолын көрсет,-деп те ешкім шуламайды. Жалпы […]