Қазақша жаз

Ақыл жастан.
Кемеңгер бабаларымыздан қалған ұлағатты сөз.
Өз тілімізді мемлекет органдарында, жеке меншік секторда қалай сөйлеткіземіз, сыйлатамыз деген мақсатпен кейде мінез де көрсетіп, ауыр сөздерге де барамыз. Ашуланамыз, зекіп сөйлейміз, жүйкеміз жұқарып болашақтан түңілеміз. «Сорлы елім, тілім-ай»,- деп зарлаймыз. Шынымен-ақ, өз елімізде жүріп, бізді басынып, тілімізді қорлауы енді шыдайтын жағдай емес деп өз-өзімізден кіжініп, ашуға булығамыз. Тіл майданы қозғалысы ашылып, жан-жақтан келіп жатқан кикілжің жәйттерді көреміз. «Бұл жасалған әрекеттер маңызды, бұға берсең сұға береді» деген де сөз бар. Атадан қалған аманатымыз – Ана Тілімізді өзіне лайықты алтын тағына отырғызуымыз керек. Тілді үйрену үшін күнделікті қолданысқа біртіндеп енгізу қажет. Қолданылмаған тіл адамның санасынан өшеді. 
http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.
«Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Сол ата-бабаның тілі болған қазақ тілін осы күнгі қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақ тілін білсе, дін де осында, ғылым-білім де осында. Солай болғаны үшін бұрынғы өткен ата-бабаларымыз бәрі жақсы болып, әулие болып өтті». Мәшһүр Жүсіп Көпеев 
Осы ойлар келіп, инстаграмды қарап отырған кезімде ана тілімізді дүние жүзінің алпауыт компанияларына сыйлатқан жастардың бір әрекет қозғалысының үстінен түстім. Аты – «Қазақша жаз» (Qazaqsha.jaz) қозғалысы. Олардың инстаграм парақшасынан алған ақпараттарым:
«Қазақша сөйлейтін адамдар – Қазақстанда кемсітуге ұшырайтын ең ірі топ».
«Қазақша жаз» қозғалысының негізгі ережелері:
Компаниялардың қазақ тіліне деген қарым-қатынасы қандай болса да, біз оларды айыптамаймыз, біз сыпайы түрде қазақ тілін қолдануды сұраймыз. Бізде бір мақсат қана бар – қазақ тілінің желідегі үлесін ұлғайту. Шабуылдамаймыз, айыптамаймыз.
Қазақтарға тілектері:
Әлем төңкеріліп жатса да жымиып жүруді ұмытпаңыз.
Қысқа уақыт ішіндегі 02.08.2020-06.08.2020 нәтижелері:
Ұлыбритания елшілігі, Astana motors, Qazaqair, Monamie.kz, KFC, Samsung, Fora супермаркеттері, Lenovakz, Shogansuits ресми парақшаларына ағылшын, орыс тілінің басына қазақ тілін қойдыртқан екен. Тек бір ғана ресми хат, өтініштерімен. Отыз жылға жақын уақытта мемлекеттік органдардың алпауыт компанияларға Қазақстанның ресми мемлекеттік қазақ тіліне құрмет жасатуға сөзі өтпесе, бір топ қазақ жастары қарапайым түрде ғана мойындатқан. Кім айтты қазақ елі, тілінің болашағы жоқ деп, тәуба, бар екен!
«Мемлекеттік қызметке, оның ішінде, халықпен тығыз жұмыс істейтін лауазымға тағайындау кезінде кәсіби біліктілігіне қоса, қазақ тілін жақсы білетін азаматтарға басымдық беру керек. Парламентте немесе баспасөз мәслихаттарында мемлекеттік тілде сөйлеп, пікір алмаса алмайтын мемлекеттік қызметкер ұғымы, ең алдымен, қазақ азаматтарының арасында – анахронизмге айналуға тиіс.

Қазақ тілін қолдану барысында фонетикалық және орфографиялық қателер жіберіп алатын отандастарымызға түсіністікпен қарап, толеранттылық танытуымыз керек. Мұндай азаматтар жастарымыздың арасында да аз емес. Олардың талпынысын мазақ етпей, қайта қолдай түскеніміз жөн.

Телевизиялық және радио хабарларының сапасын арттыру қажет. Бұл ақпарат өнімдері Ресей бағдарламаларының көшірмесіне емес, қайта қоғамдық ойдың қайнар көзіне айналуға тиіс. Арзан ойын-күлкіден гөрі, ұлттық идеяға қызмет ететін топырағымыздан тамыр алған төл бағдарламаларды молайту қажет«, – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Ел Президентінің тапсырмасына дейін де қазақ тілінің қолданысын кеңейтуді іс жүзінде жүргізіп жатқан «Қазақша жаз» қозғалысының инстаграм парақшасына кіріп, пікір жазып, бәріміз де жан-жақты қолдау білдірейік.
Ақ жол тілейік! Ақыл жастан! 
Бейбіт Оспанұлы Күлмағамбет.

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Сарышаған ауылында 1965ж. дүниеге келген.  Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің заң фак. бітірген. ҚарМУ-нің қылмыстық кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарған. Түркиядағы Докуз Ейлюл университетінің докторанты. «Шығыс тәттілерінің Қарағанды фабрикасы» кондитерлік компаниясының директоры.

Сайтымыздың тұрақты авторы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Jaspace кеңістігі жастардың жарқын болашағы

Сей Там 25 , 2020
Оқылды: 2  086 http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Jaspace кеңістігі осы жылдың шілде айында пайдалануға берілген Атырау қаласындағы оқушылар мен Студенттер сарайының ғимаратында орналасқан. Jaspace-те STEM аймағы, Амфитеатр, лаунж аймағы, компьютерлік және медиа зертханалар, сонымен қатар ағаш және лазерлік өңдеу фрезері бар шеберхана бар. Jaspace кеңістігі “Шеврон” компаниясының “Атырау […]