«АДЫРНАДАН» (сайт) Есен Рамазан деген азаматтың «Бөрісырғағын…» оқып шықтым.
Ең біріншіден, бұл жазбадан қасқырдың иісі шықпайды. Қасқырға қатысты ештеңе оқи алмадым.
Екіншіден, қасқыр болып ұлып тұрған боран табиғатын да көре алмадым.
***
Ең алдымен, əуектің өз заңы бар. Ол заң бойынша олар ешқашанда бір-біріне қастық қылмайды.
Екіншіден, əуектегі əр қасқырдың орыны болады.
Үшіншіден, аңшылықтан түскен олжаны қылдай бөліседі.
Төртіншіден, аңшылыққа барынша дайындалып шығады (қарауыл, қуушы, тоспашы, жығушы).
Бесіншіден, қасқыр жараланып қалған болса оны əуек болып күтеді, қатарға қосады.
Алтыншыдан, əуек үш топтан тұрады. Бірінші топта барлаушылар, соң топта жаугерлер, ортаңғы топта (мүгедектер, кəрі-құртандар, «бала-шағалар») болады. Бас топты БӨРІ, соң топты БӨРТЕ басқарады.
Керісінше де болуы əбден мүмкін.
Осы жерден əуек заңын қайтарайық. Өйткені бізге керегі- БӨРІ мен БӨРТЕНІ шығарып алдық ғой.
Қасқырдың арланын (еркегін) жал, қаншығвн (ұрғашысын) шулан дейді. Жалдың бəрі жұп құра алмайды, шуландар да солай. Жұп құратын жалды БӨРІ дейді.
Бөрі өз таңдауын жасайды, сырға салады.
Бөрінің таңдауын БӨРТЕ дейді.
Маһаббат ойынына осы екеуі ғана түседі. Ол ойындарын əуектен бөлектеніп, жасырын істейді.
Осы амалды БӨРІСЫРҒАҚ деген.
БӨРІСЫРҒАҚ ақпанның 17-23 аралығында өтеді. Сәуірдің соңына қарай күшіктейді.
Ал қазіргі боранды кешегі үлкендер ешқандай амалға жатқызбаған. Сарышұнақ (аяз) деген.
Мәтін, этногроф-жазушы, журналист Төрехан Майбастың фейсбуктегі парақшасынан ықшамдалып алынды.