Жезқазған қаласындағы«Қазақмыс» корпорациясының ғимаратында 21 қаңтардың кешкі сағат алтыдан кеткенде басшылар арасында жанжал болған. «Кәсіп Қорған» кәсіподақ ұйымының төрағасы Тоғызбай ТӘЖБЕНОВ көз жұмды. Бұл туралы «Жас АЛАШ» сайтының Қарағанды өңіріндегі тілшісі хабарлайды.
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС директоры Амангелді МИНИГУЛОВТЫҢ кабинетінде «Кәсіп Қорған» кәсіподақ ұйымының төрағасы Тоғызбай Тәжбенов арасында текетірес болған. Бейресми деректер директор кәсіподақ төрағасын жұмыстан шығармақшы болғанын хабарлайды. Қатты ашуға булыққан Тоғызбаев шығып кетіп, суық қару алып келген. Келген бойда Амангелді Минигуловтың арқасына және оларды арашаламақ болған корпорация қызметкері Сабыржан ТЕМБАЕВТЫҢ кеуде тұсына пышақ сұғып алған. Осыдан кейін кәсіподақ төрағасы өзіне қол жұмсап сол жерде көз жұмған. Ал пышақталған екеуін » Қазақмыс» корпорациясының Жезқазғандағы медициналық орталығына жедел жәрдем әкеткен. Түнгі сағат тоғыз шамасында Аманкелді Минигуловқа ота жасаған. «Қазақмыс»корпорациясының баспасөз қызметі әзірге қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Бастапқыда кәсіподақ ұйымы басшысының мылтықтан оқ атқаны жайында мәлімет тараған. Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл мәселеге қатысты тергеу жұмыстарын қолға алынғанын хабарлайды.
https://www.zhasalash.kz/article/7000-qazaqmys-basshysyn-kabinetinde-pyshaqtap-ketti