http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.
Қарағанды облыстық ішкі саясат басқармасы хабарлайды.
Қарағанды облысының бес қаласында – Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай және Шахтинск қалаларында карантин 2020 жылғы 30 наурыздан бастап, яғни жексенбіден дүйсенбіге қараған түні енгізілді.
Карантин жағдайында қандай шектеулер болады? Біз неге дайын болуымыз керек? Сонымен, біріншіден, осы күннен бастап аталған бес қаланың тұрғындарына отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан астам топпен жиналуға тыйым салынады.
Азық-түлік, дәрі-дәрмек, банк қызметтерін сатып алуды және жұмысқа бару қажеттілігін қоспағанда, азаматтардың үйден шығуына шектеу қойылады.
65 жастан асқан адамдарға далаға шығуға болмайды.
Кәмелетке толмағандарға ересектерсіз үйден шығуға тыйым салынады.
Ерекше өкімге дейін барлық қоғамдық орындар жабылатын болады. Ол – саябақтар, гүлзарлар, балалардың ойын және спорт алаңдары.
Бизнес-орталықтар 10.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс істейді.
Дәмханалар мен мейрамханалар жеткізу режимінде ғана жұмыс істей алады.
Барлық азық-түлік емес дүкендер, жеке меншік және мемлекеттік балабақшалар, сұлулық салондары, қоғамдық моншалар, сауналар, букмекерлік кеңселер және басқа да қызмет көрсету мекемелері жұмысын тоқтатады.
Карантиндік қалалар арасындағы көлік қатынасы әзірге тоқтаған жоқ.
Сондықтан осы бірер күнде сырттағы бала-шағаны әкеп алу деген сияқты немесе басқа да шаруаларыңызды реттеп алыңыздар.
Сондай-ақ карантиндік аймақты толық қоршауды қамтамасыз етілген кезде алдын ала хабарланады.