Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның есімі Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданына оңай берілген жоқ

ТАРИХИ ХРОНИКА

КЕЛМЕСКЕ КЕТКЕН СОВЕТ ОДАҒЫНЫҢ

КҮН КӨСЕМІ ЛЕНИН НЕМЕСЕ

АЛАШТЫҢ ӘЛИХАНЫ ЖАЙЛЫ

Бұл мақала Қарағанды қаласындағы келмеске кеткен Совет Одағының күн көсемі В.Ленин атындағы көшені XX ғасырдың басында халқын өркендеу жолына түсіру үшін аянбай күрескен ұлттық буржуазия мен интеллигенциясының лидері Әлихан Бөкейханның есімімен атау туралы осыдан 14 жыл бұрын яғни 2006 жылдың қоңыр күзінде болған мән-жайлар төңірегінде болмақ.

2006 жылдың қыркүйегінде сол кездегі Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулинның (облыста әкім болған уақыты 19.01.2006-19.11.2009жж.) атына төмендегідей мәтінде өтініш жаздым. Өткен оқиғаны толықтай сол кездегі атмосферада оқырманға жеткізу мақсатында мақалада келтірілетін қосымшаларды әуел баста жазылған тілінде ұсынамын.

Акиму Карагандинской области

Господину Ныгматуллину Н.З.

Уважаемый Нурлан Зайроллаевич!

Обретение Казахстаном государственной независимости стало основой динамичности демократизации общественных процессов.

5 марта 2006 года исполнился 140 лет со дня рождения Алихана Нурмухамедовича Букейханова. Все чаще от ученых, общественных деятелей, его потомков, граждан Казахстана поступают аргументированные пожелания о целесообразности переименовать Октябрьский район, ул.Ленина именем Алихана Букейханова и воздвигнуть памятник деятелю, признанному в 2001 году «Человеком столетия».

Среди славной когорты европейски образованной казахской интеллигенции на рубеже ХІХ-ХХ веков особо выделяется имя выдающегося общественного деятеля, ученого, историка, публициста, литературоведа, переводчика, бесспорного лидера теории и практики национально-освободительного движения Казахстана Алихана Нурмухамедовича Букейханова.

Неоценим вклад Букейханова А.Н. в развитие научной мысли, общественного сознания казахского народа. Несмотря на официальную реабилитацию, решением Президиума ВЦИК от 3 июля 1920 года, А.Н.Букейханов стал жертвой репрессивной политики сталинского режима: 27 сентября 1937 года Военной коллегией Верховного Суда СССР он был осужден по статье 17-58-8 и 58-11 УК РСФСР к высшей мере наказания – расстрелу. Этот приговор был приведен в исполнение в тот же день в городе Москве. Место захоронения пока неизвестно. Дело по обвинению Букейханова А.Н. было пересмотрено Пленумом Верховного Суда СССР 16 мая 1989 года. Приговор Военной коллегии Верховного Суда СССР от 27 сентября 1937 года в отношении Букейханова А.Н. был отменен и дело о нем прекращено за отсутствием состава преступления. Таким образом, Букейханов А.Н. этим решением реабилитирован посмертно.

Уважаемый Нурлан Зайроллаевич! В связи с вышеизложенным полагаю, что Ваша поддержка в данном вопросе, безусловно, послужила бы восстановлению исторической справедливости, укреплению единства и сплоченности Независимого Казахстана, веры в будущее. Нисколько не умаляя заслуг всех других достойных сынов Отечества, особо хотел бы выделить непревзойденную роль Алихана Нурмахамедовича Букейханова, признанного вождя национально-освободительного движения в Казахстане. Считая, что наш предок Алихан Букейхан достоин того, чтобы его имя было увековечено.

С уважением преподаватель кафедры

«Психологии и социальной работы»

Многопрофильного Гуманитарно-

Технического Университета

Абдрахманов Ердос Жаксылыкович.

Осылайша, аталмыш өтініш 2006 жылдың аяғында Қарағанды қаласындағы В.Прытков бастаған коммунистер, солақай саясаттың құрбаны болған қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі депутаттар және рухы сынбаған, жүрегі «Алаш» деп соққан игі жақсылардың арасында текетірес басталды деп айтуға толық негіз бар.

Ол кезде заман басқа еді, заман емес адамдар басқа болатын. Алайда, сол бір кезде аймақтың ақ үйінде, мемлекеттік қызметте шенді болып жүрген жас маман, соңыра басшы болған Әлиханның жалпы «Алаш» идеясының шынайы фанаты Нариман Сыздықан «Нараға» есімді нар тұлғамен мені тағдыр тоғыстырды, идеямыз ортақ болғаннан болар. Негізінде ол азамат мені бірінші тауып алды. Сол сәттен бастап «Нараға» екеуіміз бірге жүріп, «Лениннің жыртысын жыртып, Әлиханға жала жапқандармен» иық тіресіп жүріп, алыстық. Қарағанды қаласы, Ленин көшесіндегі әр үйге, әр пәтерге кіріп, Ленин көшесін Әлиханның есімімен қайта атау туралы ұсынысқа қол жинадық. Қолдағандар біршама, қарсы болғандар да аз емес. Жаға ұстатқаны, қарсы болғандардың басым бөлігі өзіміздің қаракөздер. Біз оған таңқалған жоқпыз, құлдық санаға сындырып, іштей қынжылдық. Бұл енді жеке мақала жазуға немесе толықтай фильм түсіруге тұрарлық бастан өткен оқиға.

«Нараға» – сол бір қиын-қыстау заманда, мемлекеттік қызметте жүрсе де, қызметін, шенін, болашақ мансабын Әлиханның есімін мәңгілік ұлықтау жолында құрбандық қылды десем, артық айтпаған болармын.

Әрі қарай, 2006 жылдың 15 қарашасында «Новый Вестник» газетіне «Улицу Ленина хотят переименовать» атты Сергей Терещенконың мақаласы жарыққа шықты. Бұл мақалада:

Карагандинец Ердос Абдрахманов добивается переименования улицы Ленина. По его мнению, на домах там должны висеть таблички с именем Алихана Букейханова и Октябрьский район Караганды также следует переименовать в Букейхановский. Причем желательно до конца этого года, – делінген (мақаланың толық нұсқасын келесі сілтеме бойыша оқуға болады https://nv.kz/2006/11/15/4499/).

Сол-ақ екен, үш күннен кейін яғни 2006 жылдың 18 қарашасында «Центральная газета» басылымына «Ленинский скандал» атты Анастасия Мезенцеваның мақаласы жарық көрді. Онда былай дейді:

В декабре 1919 года после порожения армии адмирала Колчака Букейханов перешел на сторону Советской власти. Он был участником 1-го Учредительного съезда Советов Киргизской (Казахской) АССР. В 1937 году военной коллегией Верховного суда СССР был осужден по обвинению в принадлежности к террористической организации и в тот же день расстрелян.

В 1989 году Алихан Букейханов был официально реабилитирован. Но коммунисты по-прежнему считают его своим идеологическим противником и террористом. А потому переименование улицы Ленина в улицу Букейханова называют издевательством и провокацией.

И что самое интересное, в этом коммунистов поддерживают даже те, кто сам принадлежит к одной из ветвей власти.

Бұған қоса 2006 жылдың 1-7 желтоқсанында «Начнем с понедельника» газетіне «Коммунисты готовятся к бою за улицу Ленина» атты Дана Мендыбаеваның мақаласы жарыққа шықты. Онда:

Карагандинские коммунисты вновь готовы объединится под своим флагом. Баталии будут снова идти за их любимого вождя – Ленина. Но на этот раз не за гранитного, так как его они уже давно отстояли, а за улицу, названную его именем.

Владимир Ленин – это не только наш идеологический вождь, он вождь всего мирового сообщества, – говорит Владимир Прытков, секретарь Карагандлинского отделения Коммунистической народной партии Казахстана. «Ни одна страна мира не уничтожила памятники, не переименовала улицы, названные в честь нашего вождя. В нашем городе много других улиц, требующих переименования. Мы ничего не имеем против, если переименуют другую улицу» – делінсе, аталмыш газеттің сол санында қуылғанның немересі (внук раскулаченного), КПСС-тің бұрынғы мүшесі – Александр Кузьмин былай дейді:

Мысли по поводу…

В который уж раз коммунисты города Караганды и их безусая смена устраивают прямо-таки революционную шумиху, когда встает естественный вопрос о переименовании улицы Ленина. Смешно и грустно, господа большевики. Ваш симбирский вождь столько жизней и судеб «переименовал» после октябрьского переворота 1917 года в России, что волосы встают дыбом.

Под знаменем Ильича брат шел на брата, сын на отца, проливая море крови, голода и разрухи по всей Руси Великой и ее национальным окраинам. Кто не погиб в Гражданскую войну6 тот получил пулю в застенках ЧК, кормил вшей на Соловках и «Беломор-канале», в Степлаге и Карлаге, был раскулачен и сослан из родных мест к черту на кулички без средств к существованию.

Ваш любимый Ленин смертоносным росчерком «товарища маузера» переименовал целую страну, ввергнув ее в пучину войн, чисток, нищеты. Светлые умы России – гордость Европы и мира – были высланы, выброшены из родного Отечества уже в первые годы большевистской бойни.

И за этого «самого человечного» авантюриста у вас до сих пор болит душа?! Не верится, господа коммунисты, не верится. Глядя на ваши истерики в Караганде, почему-то вспоминается пьяный революционный матрас, который мог даже в православном храме устроить, простите, отхожее место.

Вы кричите, что реабилитированный самой историей и правдой жизни Алихан Букейханов якобы «террорист» и карагандинская улица не достойна носить его имя. Что тут скажешь? А только одно – незнание истории своей страны не освобождает вас от суда совести и чести. Учиться надо, батеньки, учиться и еще раз учиться – очень верно советовал когда-то Ваш Ильич. Да и как, я надеюсь, вы помните, народная мудрость гласит: «У горластого колокола внутри пусто.

Осылайша, Әлиханды «Тероршы» дегендерге алғаш болып жауап қатқан дәл осы Александр Кузьмин болатын.

Әрі қарай, Алаштың ардақтысына қара күйе жағып, «Тероршы» атандырған Қарағанды қаласының коммунисттеріне тойтарыс беруге атсалысқан, араша түскен сол кездегі «Жас Қазақ» газетінің тілшісі Еренғайып Қуатайұлы болатын. Сол кісінің тікелей ат салысуымен аталмыш баспаға «Қазақты енді «Тероршы» атандыру қалды ма?», «Ленин ескерткішін құлатып, Бөкейханның тұғырлы ескерткішін орнату керек», «Ономастикалық комиссия бұрынғы обкомды ұлықтамақ» (Жас қазақ №48 (100) 8 желтоқсан 2006 жыл), «Әлиханға жала жабу – қазаққа жала жабу» (Жас қазақ №51 (103) 22 желтоқсан 2006 жыл) атты бірнеше мақалаларды бірінен соң бірін жарыққа шығарды. Бұл жерде тарихшы ғалым, әлихантанушы Мәмбет Қойгелдінің орасан еңбегін атап өту қажет.

Сондай-ақ, сол кездегі «Балқантау» газетінің тілшісі, қазіргі таңда Қарағанды облыстық «Сарыарқа ақпарат» медиа холдингінің басшысы Қамбар Ахметов ағамыздың да аталмыш баспаға шыққан «Ұлт көсеміне жала жабылды» Орталық Қазақстан» 05.12.2006ж.) атты мақаласы Қарағанды қаласының коммунисттеріне біраз соққы бергені сөзсіз.

Осы арада «Жас қазақ» газетінің 2006 жылдың 8 желтоқсандағы №48 (100) санына шыққан келесі халық қалауларының пікірлерімен бөліскенді жөні көріп отырмын.

 

Бекболат Тілеухан, мәжіліс депутаты:

Біздің санамызға отарлық, құлдық психологияның сіңіп кеткені сондай, тарихтың ақиқатын көре алмайтындай дәрежеге жетіп, көкірек көзіміз бітеліп қалды. Әлиханды терроршы дейтіндерге: «Терроршы Әлихан емес, терроршы өзінің тарихи Отанында қазақ дейтін ұлттың жартысын құртып жіберген лениндік саясат, сол лениндік саясаттың іргесін қалаған – Ленин. Терроршы қазақ ұлтының бетке шығар бар қаймағын сылып алып, қырғынға ұшыратқан – Сталин, – дер едім. «Мені қырып жатыр!» деп, етіңнен ет кесіп жатқанда ыңырсып дауысын шығарып, қарсылық қауқар көрсеткен адам терроршы болса, ендеше, терроршы емес адам жер бетінде қалмайды.

Жамауды көрмей, тесікке үңілген сияқты көзге қанық, айқын тұрған нәрсені көрмей, тарихи шындықты айыра алмай, көкірек көзі құлдық санамен бітеліп қалған жандарға «Біздің өз қолымыз өз ауызымызға жетті. Біз тәуелсіз елміз. Осындайда өзіміздің ардақтыларымызды, асылдарымызды әспеттеумен, солардың қадірін танумен елдігіміз білінеді. Ал Ахмет, Әлихан, Міржақыптарды ардақтауды білмесек, онда елдігіміз қайсы?…» – дегім келеді. Алаш даласының төсіндегі Қарағанды секілді қаланың дәл ортасындағы күретамыр көшеге Әлиханның аты берілуі әбден орынды. Лениндік саясатты, Лениннің қанішер тұлғасын біз тек көше атауларынан ғана емес, санамыздан да сылып тастауымыз керек.

 

Әлихан Байменов, мәжіліс депутаты:

Әлихан Бөкейхан – қазақтың тарихындағы ұлы тұлғаның бірі. XX ғасырдың басы қоғамдық сананы, ұлттық сананы жаңа биікке көтеруді, саяси-ағарту жұмысын қатар алып жүруді қажет етті. Міне, осы істе  Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов секілді ұлт көсемдері бір мақсатқа бірікті. Менің есімде қалған бір сөз жезқазғандық ақсақал Қалкен Әлкенбаевтың (ол өзі қазақтың қоғам қайраткері, алғашқы математигі, шекарамызды бекітуде зор үлес қосқан Әлімхан Ермековтің күйеу баласы)  Әлихан Бөкейхан туралы айтқаны. Әлімхан Ермековтің мерейтойында Әлиханның аты аталмағанына қарсы болған Қалекең: «Егер біз бәріміз шалқар теңізге құйып жатқан өзендер болсақ, Әлихан мұхит сияқты…» -деп еді.

Өкінішке қарай, тәуелсіздік жылдарының өзінде әлі де болса Әлихан Бөкейхан мен Мұстафа Шоқай тиісті орнын ала алмай келеді. Ол үшін Астанада Алаш көсемдеріне ескерткіш орнатылуы керек. Бұл біріншіден, біздің азаматтық, ұлттық тәрбиеміз үшін керек, екіншіден, Алаш арыстарының атқарған ісіне дұрыс баға беру үшін. Біз әлі де кеңес дәуіріне дұрыс баға бере алмай келеміз. Басқасын айтпағанда, бір мысал, сол дәуірде екі рет әліппені ауыстыру арқылы адамзаттың тарихында бүкіл біртұтас халыққа ең ауыр, теңдесі жоқ қылмыс жасалды. Бұл – біздің бұғанамызды сындыруға бағытталған саясат. Ал осы саясатқа қарсы тұрып, елін жаңа биікке көтеремін деген ұлы тұлғамызға қай көшенің атын берсек те лайық. Қарағанды сияқты үлкен шаһардағы басты көшеге Әлиханның аты ғана берілмей, нақ төрінен ескерткішін орнату керек. Тіпті коммунистік партиядан «Лениннің орнына Әлиханның ескерткіші қойылсын!» деген қадам жасалуы қажет. Бұл – тарихи әділеттілік болар еді. Менің ойымша, коммунистердің серкесі Серікболсын Әбділдин ұлт мәселесіне қатысты көзқарасын ашық білдіргені жөн.

 

Мұхтар Тінікеев, Мәжіліс депутаты:

Өз басым Ленин көшесіне Бөкейханның есімін беруге қарсымын. Қаладағы барлық тұрғындардың пікіріне құлақ асқан абзал. Ал егер өзгертуге қатты қажеттілік туса, бұл мәселені әуелі тұрғындардың арасында сұрау салу арқылы шешілгені дұрыс. Бірақ… мен коммунистерді жақтамаймын…(осы тұста өзі қатты қобалжып, ойланып қалды). Бұған коммунистер ғана емес, қаланың байырғы тұрғындары қарсы. Қайтсек те, Бөкейханға көшенін атын береміз десек, өзге кез келген көшенің атын неге бермейміз?. Қараңызшы мінеки, Қарағандыда «3-ей кочегарки», «Тупиковая», «Заводская» деген көше атаулары толып жатыр.

 

Серікболсын Әбілдин Қазақстанның коммунистік партиясының төрағасы:

Бұл пікір – біздің партияның саяси көзқарасы емес. Шындыққа жүгінсек, Әлихан Бөкейхан – ұлттың қамын, халықтың жайын ойлаған адам. Ал ұлттың болашағын ойлау – ұлтшылдық емес. Мұны ғылыми және коммунистік көзқарас деп білген жөн. Бөкейханды «террорист»,- деп кім шығарып жүргенін білмеймін. Мен бұл пікірге түбегейлі қарсымын. Ұлттың қамын жеген Әлихан Бөкейхан терроршы емес. Ал террорлық туралы әңгіме айтсақ, бұл қатыгездікті біз Ресей тарихынан көптеп көре аламыз. Патшалық террорды бүкіл әлем біледі. Жасыратыны жоқ, одан кейін коммунист-большевиктер тарапынан қызыл террор болды. Ескі қоғам жаңарған шақта ұлт қамын жеген ерлерге қайта күйе жағу жақсылыққа апармайды. Әрине, тәуелсіз жас мемлекетте өзге ұлттардың жайын ойлау керек. Осыған сай олар да мемлекеттің беріктігін, елдің тұтастығын ойлау қажет. Ал көше атын кімге беруді партиялар шешпейді. Оны жергілікті билік шешеді. Алайда партияда мындаған адам болғандықтан, әркімнің көзқарасы әртүрлі ғой. Қысқасы, бұл пікір біздің партияның саяси көзқарасы емес. Біздің партияның жастар ұйымы да әзірге ондай шарамен шұғылдана қойған жоқ. Бұл істі Косарев мырзаның жасанды коммунистік партиясының жергілікті белсенділері қоздатып жүрген сыңайлы. Қазір Қарағандыда тұратын халықтың көпшілігі қазақ емес. Әлихан Бөкейхан атын тек Қарағандыда ғана емес, басқа қалаларда да, әсіресе Астанадағы орталық көшелердің біріне беру керек.

 

Райымбек Аяшев, мәжіліс депутаты:

– Әлиханды «терроршы» деу дұрыс емес. Тарихқа жүгінсек, Совет үкіметі орнаған кездің өзінде коммунистердің көп шаруасының шикілігі көрінді. Сол саясаттың кесірінен мындаған адамдар қырылды. Менің ойымша, компартия халықпен жауласпаған жөн. Ең бастысы, зиялы қауымның, қара халықтың пікіріне құлақ қою қажет. Ал, Ленин көшесіне Әлиханнын атын беру керек.

 

Шаймерден Оразалинов, мәжіліс депутаты:

Ленин көшесін Әлиханның атына ауыстыруға әлі ерте деп санаймын. Бар жауабым – осы.).

 

Владимир Нехорошев, мәжіліс депутаты:

Менің ойымша, Ленин атындағы көшеге Әлиханның атын беруге әлі ертерек. Уақыты келгенде… бәрі жөнімен іске асады. Бәлкім, ондай қоғам қайраткерінің есімін орталықтағы өзге жаңа бір көшеге берген жөн шығар… Ал, Лениннің көзі жоқ болса да, артынан істеген ісі қалды. Осындай идеологияда тәрбиеленген жандардың жан-жүрегін жаралай берген дұрыс болмайды.

Осы арада, сол кездегі Қарағанды облысы әкімінің идеология жөніндегі орынбасары Серікжан Қанаев (облыста әкім орынбасары болған уақыты 02.2006-03.2007жж.) келесідей мәлімдеме жасап, Қарағанды қаласында Ленин атындағы көшенің осы уақытқа дейін сақталуына мұрындық болды.

На совещании в акимате 28 ноября 2006 года заместитель акима области г-н С.И.Канаев в присутствий секретаря обкома КНПК, начальника департамента внутренней политики акимата, заместителем акима горда Караганды и других представителей руководства области заявил, что название кинотеатра, улицы В.И.Ленина и памятник вождю революции В.И.Ленину в Караганде были, есть и останутся («Вечерняя Караганда» №49 (178) 6.12.2006г.). 

Осылайша, шендінің бір ауыз мәлімдемесі 2006 жылдың қара күзінде болған осынау қызу оқиғаға су сеуіп басқандай 14 жылға созылған нүктесін қойды.

Ал Әлихан Бөкейхан есімін Қарағанды қаласының Октябрь ауданына беру жөнінде тыңдалым 2020 жылы ғана өтіп, көпшіліктің қолдауымен 2021 жылы Октябрь ауданы Әлихан Бөкейхан есімімен аталды.

Ердос Әбдірахманов

Редакция автордың көзқарасына жауап бермейді. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Туған жерге туыңды тік

Дүй Шіл 4 , 2022
Оқылды: 1  967 Елбасымыз Н.Назарбаевтың тарихи құжатқа айналған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «…Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды» – деп туған жердің қасиетіне ерекше тоқталады. Әрбір […]