2025 жыл – Мұздықтарды сақтау жылы

Мұздың еруі және судың булануы жердегі ауа температурасын жоғарылатады, бұл климаттық дағдарысты күшейтеді. Сондай –ақ теңіз мұзының азаюы бүкіл экожүйені өзгертеді: арктикалық түлкі, ақ аю және итбалық сияқты жануарлар жоғалып кетуі мүмкін. Мұздықтар – бұл тұщы судың үлкен қоры болғандықтан, олардың еруі жаһандық су тапшылығын тудыруы ықтимал. Сондықтан БҰҰ 2025 жылды «мұздықтарды сақтаудың Халықаралық жылы» деп жариялады.

Климаттың өзгеруіне байланысты соңғы онжылдықта әлем бойынша мұздықтар жылдам еріп, экожүйенің табиғи тепе-теңдігін бұзып отыр. Бұл бастама – жаһандық экологиялық жауапкершілікке үндеу ғана емес, болашақ ұрпаққа тұщы су қорын сақтап қалу үшін көтерілген халықаралық деңгейдегі дабыл.

Ұсынысты алғаш болып Тәжікстан үкіметі көтеріп, бастама әлемнің 193 елінен қолдау тапты. Жыл аясында мұздықтардың жойылуы мен климаттық өзгерістердің өзара байланысын түсіндіру, халықтың экологиялық сауатын арттыру және мемлекетаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту көзделіп отыр. Бұл бастаманың шарықтау шегі – 2025 жылғы мамыр айының соңында Тәжікстан астанасы Душанбеде өтетін халықаралық конференция болмақ. Жиында жаһандық климат саясатындағы мұздықтардың рөлі, су қауіпсіздігі және аймақтық тұрақтылық мәселелері талқыланады. Бұл деректер Wikipedia ашық энциклопедиясының ағылшын тіліндегі нұсқасынан алынған (International Year of Glaciers’ Preservation, 2025) [1].

Мұздықтар – жер бетіндегі тұщы судың шамамен 70 пайызын құрайтын табиғи резерв. Олар өзендер мен көлдердің тұрақты деңгейін қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығы мен энергетика салаларына тірек болады. Алайда соңғы жылдары мұздықтар бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен еріп жатыр. NASA мен ESA спутниктік бақылаулары бойынша, 2000 жылдан 2023 жылға дейінгі аралықта жаһандық мұздықтар жыл сайын орта есеппен 273 гт мұз жоғалтқан. Бұл көлем Гренландия мен Антарктидадағы мұз қабаттарынан жоғалған мұздан едәуір көп.

Аталған статистикалық мәліметтер және төмендегі сурет https://www.nature.com/articles/s41586-024-08545-z беделді Nature журналында жарияланған ғылыми мақаладан алынған

журналының сайтынан алынды.

Бұл сурет: 2000 жылдан 2023 жылға дейін жаһандық мұздық массасының өзгеруі.

Бұл үдеріс тек жаһандық емес, аймақтық деңгейде де қауіпті сипат алып келеді. ЮНЕСКО дерегінше, 2050 жылға қарай Орталық Азиядағы мұздықтардың үштен бірі жойылуы мүмкін. Қазақстан да бұл тізімге енген. Республика мұздықтары жылына 12-20 м-ге, ауданы 1000 м мұз қоры 0,05-0,1%-ға кеміген. Мысалы: орташа алғанда Алтайдың мұздықтары 15-20 м, Жетісу Алатауында 30-40 м, Іле Алатауындағы Шокальский мұздығы жылына 30 м-ге дейін шегініп барады. Бұл мәліметтер Қазақша Уикипедиядан алынған («Қазақстан аумағындағы мұздықтар», 2025) [3]. Аталған үдеріс еліміздің стратегиялық маңызы бар өзендері – Іле, Шу, Сырдария секілді сулардың деңгейіне, ауыл шаруашылығы мен ауызсу қорына тікелей әсер етеді.

Мұздықтардың жаппай жойылуы – табиғаттың үнсіз ескертуі. Бұл – климат дабылы ғана емес, адамның өзі жасап алған экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы. «Мұздықтарды сақтау жылы» – дүниежүзілік қауымдастыққа берілген бірегей мүмкіндік. Бұл бастама елдер арасындағы ғылыми және саяси серіктестікті арттырып, мұздықтарды сақтау арқылы су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты әрекеттердің бастамасы болмақ.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. International Year of Glaciers’ Preservation. (n.d.). Wikipedia – The Free Encyclopedia (ағылшын тілінде). 2025 жылғы 2 мамырда алынған: https://en.wikipedia.org/wiki/International_Year_of_Glaciers%27_Preservation
  2. The GlaMBIE Team. (2025). Community estimate of global glacier mass changes from 2000 to 2023. Nature, 639, 382–388. https://doi.org/10.1038/s41586-024-08545-z
  3. Қазақстан аумағындағы мұздықтар. (2025, 13 сәуір). Уикипедия – ашық энциклопедия (қазақ тілінде). 2025 жылғы 2 мамырда алынған: https://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақстан_аумағындағы_мұздықтар

А.Е. Балтабаева

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің

4 курс студенті 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

9 Мамыр – Жеңіс күні. Бұл күн әлем елдері мен Қазақстан үшін қандай маңызға ие?

Дүй Мам 5 , 2025
Оқылды: 123 Алдымен 2025 жылғы әлемдік оқиғалар шолу жасасақ. 2025 жылы 9 мамырда әлем Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді. Бұл тарихи күнге орай түрлі елдерде еске алу іс-шаралары мен саяси оқиғалар жалғасып жатыр. Известия.iz жаңалықтар базасы хабарлағандай (https://en.iz.ru/en/1868547/maria-saipova/victory-day-parade-2025-who-will-come-moscow-may-9th?utm_source=chatgpt.com)  Ресейдің Мәскеу қаласының Қызыл алаңында дәстүрлі әскери шеру ұйымдастырылады. Ресей президенті Владимир […]

Шұғыл!