Тазалық-денсаулық кепілі

Қазақстанның екі қаласының тұрғындары қоқыстың жай-күйін қаншалықты бағалайды?

8 шілде күні  ZOOM алаңында Нұр Сұлтан және Алматы қалаларының қоқысты қабылдауы туралы әлеуметтік зерттеу нәтижелерінің қорытындылары талқыланды. 

Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы «StopMusor» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру мақсатында 2020 жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары тұрғындарының арасында  өз қалаларындағы қоқыс мәселесі туралы не ойлайтындары және өздері осы жағдайды шешуге дайын екендіктерін білу үшін сауалнама жүргізді. Сауалнамаға екі қаланың 400 азаматы қатысты.

Сауалнама қорытындысы бойынша:

Екі қаланың тұрғындары үшін қоқыс мәселесі ұзақ жылдар бойы өзекті болып келеді.

Әрбір екінші респондент қоғамдық орындарда ұсақ қоқыстардың (стақандар, орамалдар, бөтелкелер, темекі қалдықтары және т.б.) жиі кездесетінін атап өтті.

Адамдардың қоқысты арнайы жәшікке тастамайтындарын дұрыс емес деп есептейді.

18 жастан 24 жасқа дейінгі ер адамдар мен жастар қоғамдық орындарда ұсақ тұрмыстық қалдықтарға аса назар аудармайды.

Сауалнама барысында респонденттер өздері «қоқысты тиісті емес жерде тастады ма»?- деген сұраққа жауап берді.  Жалпы респонденттердің 70% -ы мұны жасамағанын атап өтті. Ал 18 жастан 24 жасқа дейінгі ер адамдар мен жастар әлі де кез-келген жерге қоқыс тастайтындықтарын мойындады.

Сауалнамаға қатысқан алматылықтардың 51% -ы соңғы алты айда қаладағы ахуал өзгерген жоқ, ал 6% -ы нашарлады деп санайды. Нұр-Сұлтан қаласының әрбір екінші тұрғыны, керісінше, осы мәселе бойынша оң өзгерістерді атады.

Респонденттер сондай-ақ, қалаларында қоқыс жинау мен сұрыптау мәселелері мен қоқыс жәшіктері жеткіліксіздігін тілге тиек етті.  Бұл әсіресе Алматы тұрғындарына қатысты.

Қосымша түйткілдердің қатарында респонденттер қоқысты сұрыптауға арналған арнайы контейнерлер мен қоқысты өңдейтін зауыттардың жоқтығын, сонымен қатар халықтың білімі мен мәдениеті төмендігін айтты.

Онлайн-сауалнаманы маркетингтік зерттеулер мен консалтингтер саласында қызмет көрсетуге маманданған Alvin Market компаниясы жүргізді.

* «Stop Musor» жобасы халықтың сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтар арасында тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеуге бағытталған. Жоба аясында арнайы https://stopmusor.kz/сайты іске қосылды, сонымен қатар, https://instagram.com/stopmusorkz және https://www.facebook.com/stopmusorkz/ әлеуметтік желілеріне жазыла аласыздар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Жеңіс Қасымбек халықтан кешірім сұрады

Бей Шіл 9 , 2020
Оқылды: 2  332 Қарағанды облысында да басқа өңірдегідей «басы ауырып, балтыры сыздаған» жұрттың қарасы ерекше көбейіп кетті. Осыдан екі-үш ай бұрын тұмау белгісі білінгендердің кейбірі дәрігердің көзіне түскісі келмей, ауруханада емделуден қашатын еді. Енді жұрт сырқат деңдеп, үрей мен күдік қоса алмасқан қиын шақта екі көзі төрт болып, жедел жәрдем шақырта […]