Қылмыстық іс ашыла ма

Белгісіз жағдайда қаза болған жігіттің анасының редакцияға жазған хаты

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Біз, Қазақстанға 2014 жылы наурыз айында Қарағанды облысы, Осакаровка ауданы, Колхозное ауылы, Литвенская 4- үйге отбасымызбен көшіп келдік. Күйеуім 2008 жылы жүрек талмасынан қайтыс болған. Артынан әйелі, яғни мен 5 баламен қалдым.  Балаларды асырауға үлкен ұлым Рамзия Оңғар көмектесетін еді. Тұрмыстық жағдайымызды түзету үшін, 2017 жылы күзде ұлым Рамзия Оңғар мал шаруашылығына 1 500 000 теңге несие алды. Қазір қалған несиені өзіміз төлеп отырмыз.

Үлкен ұлымнан кейінгі екі қызым да ЖОО аяқтаған, қазір екеуі де тұрмыс құрған. Екі ұлымның біреуі 2018 жылы ЖОО аяқтап, қазір мектепте мұғалім. Екінші кенже ұлым медициналық колледждің 2-курс студенті. Ұлымнан қалған қызы 3 жаста. Жесір қалған келінім Теміртау қаласындағы балабақшада еңбек етеді. Өзім немере бағып және үйдің шаруасымен шұғылданамын.

2017 жылы желтоқсан айының басында Моңғолияға құжат мәселесімен кеткен болатынмын. Үйде ұлым  Оңғар Рамзия, келінім Нұрай Дамыс және 7 айлық немерем Зүлпия Оңғарқызы  қалған болатын. 17.12.2017 ж. кешкі уақытта көршілес Тельман ауылындағы Сымайыл Әметтің ұлының үйлену тойына ұлым Оңғар Рамзия  барыпты. Түнгі 1 сағат шамасында ішінен үшкір, өткір заттан ауыр жарақат алып, сол жерде жан тапсырған.

Шақырылған ауылдық медбикенің анықтамасы бойынша, «грыжа» деген диагноз қойылған. Алайда шақырылған жедел жәрдем қызметі мәйіттен пышақтың ізін анықтап, сараптама жүргізуге Қарағанды қаласына алып кеткен. Тельман ауылында қылмыс болған үйде полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізе бастаған. Тойда болған барлық адамдардан тергеу жауаптарын алған. Тергеу жауаптарын алғанымен, қылмыс жасалған пышақ табылмаған. Күдікті ретінде апарып тергелген адамдардан нәтиже шықпады. Сараптамаға екі адамды апарған, ал қасындағы басқа да адамдарды сараптамаға апармаған, талдау алынбаған, нашар қадағаланған. Алайда онда барған екі адамның сараптамасының 2-3 айдан соң нәтижесі шығып, олар қылмысқа қатысы жоқ болып шықты. 

Молодежный кентінің жауапты полиция қызметкерлері 17.12.2017 күнінен бастап, 2,5 жылға жуық уақыт аралығында қылмыстық істен нақты еш нәтиже шығармады. Істі жауаптанып алған алғашқы тергеуші басқалай қылмыстық іспен сотталып кеткен. Кейін келген тергеуші іспен танысу үшін көп уақыт жоғалтты, алайда әлі нәтиже жоқ.

Бірінші істі Г.С.Шариязданов қарады. Сосын іс қайтадан тергеуші Ж.С. Кушеков қолына өтті. Молодежьный кентінің полиция бастығы Нұрлан Абубакир уәдені үйіп төккенімен, қызметкерлерімен бірге қылмысты созып, кейін басқа жерге қызметке ауысып кетті.

Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатқанына 2,5 жылдай болды. Біресе тергеуші сотталады немесе ауыса береді. Осылай әр жаңа адам келген сайын іспен танысамын деп уақытты созып отыр. 2019 жылдың желтоқсанында облыстық полиция басқармасына жіберілген. Әзірге еш нәтиже жоқ.

Осы оқиға болғалы күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылдық. Үлкен ұлымнан қапыда айырылып қалғаным жаныма аяздай батып жүр. Егер бұл қылмыстық іске азғантай болсын көмектеріңізді созсаңыздар «Ана» ретінде айтар алғысым шексіз болар еді.

Жібек Түкей,  Оңғар Рамзияның анасы 

Біз Жібек Түкейдің редакцияға жазған шағымы бойынша, Қарағанды облыстық Полиция департаментіне сұраныс жіберіп едік. Полиция департаментінен төмендегідей жауап хат келді. 

Тергеу барысы редакция назарында болады. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Неге масалар кейбір адамдарды көп шағады

Дүй Мам 11 , 2020
Оқылды: 3  195 Танымдық қызықты ақпарат http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Кейбіреулер ашық ауада, тыныштықта,табиғатта демалып жүрсе, енді біреулері топталған қанішер жәндіктерге жем болады. Неге бір жерде және бір уақытта масалар екі түрлі әрекет жасайды: біреуіне тыныштық бермейді, ал екіншісіне тіпті қызықпайды? Кейбір адамдардың ойынша масалар тартымды адамдарға қызығып […]