Жастардың экологиялық мәдениетін нығайтуға қоғамдық ұйымның үлесі зор

2022 жылғы 20 маусымда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» гранттық жобасы аясында «Қазақстанның экологиялық қоры» Қоғамдық қоры БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-брифингі өтті.


Баспасөз конференциясына ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Елдос Абақанов, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ төрағасы Ғалым Құрман, жоба жетекшісі әрі «Қазақстанның экологиялық қоры» Қоғамдық қорының президенті Айгүл Әбдуәлиева, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы» МКҚК басшысы Мелс Әбенов пен университет және мектептердің өкілдері қатысты.
Брифингта жоба жетекшісі, «Қазақстанның экологиялық қоры» Қоғамдық қорының президенті Айгүл Әбдуәлиева жобаның орындалу барысы мен тиімділігі туралы баяндама жасады.
Жобаны жүзеге асыру барысында жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға әсер ететін түрлі акциялар, байқаулар, тренингтер және басқа да іс-шаралар тұрақты түрде өткізілуде. Қатысушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында инновациялық әдістер қолданылады. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласындағы №43 мектеп-қосымша білім беру орталығының базасында ЭКО клуб ашылып, еліміздегі жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау, қалдықтарды дұрыс сұрыптау туралы, су мен электр энергиясын қалай үнемдеуге болатындығы жайлы пайдалы ақпараттан тұратын бірқатар бейнеролик әзірленді.
Сондай-ақ өткізілген іс-шаралардың ішінен Қосшы қаласы маңындағы Қарасу өзенінің бойында жастар арасында ұйымдастырылған сенбілікті атап өтуге болады. Шараға 2000-нан астам мектеп-колледж оқушылары қатысты.
Қор Нұр-Сұлтан қаласының мектептерінде «Айырбастау» акциясын өткізіп, қатысушылар 1 кг пластикті бір бөтелке шырынға айырбастап, нәтижесінде 100 кг пластик жиналды. Акцияға 300-ден астам оқушылар қатысты.


Мектеп оқушылары белсенді қатысқан тағы бір шара – «Қолданылған 10 дәптер әкеліп, 1 жаңа дәптер ал» деп аталды. Бұл республикалық акцияға Нұр-Сұлтан қаласынан 400-ден астам бала қатысып, 1000 келіге жуық макулатура тапсырылды. Сондай-ақ бұндай шаралар алдағы уақытта Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында өткізу жоспарлануда.
Баспасөз конференциясында «Қазақстанның экологиялық қоры» қоғамдық қорының президенті Айгүл Әбдуәлиева жобаның алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті. Мәселен, Түркістан облысының Шардара қаласында аудандық әкімдік аппаратының демеушілігімен 100 түп ағаш отырғызып, шағын сәулеттік нысан орнату арқылы «Жастар» аллеясын ашпақ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қазақ-Түрік журналистері ортақ жобаларды бірлесе жүзеге асырады

Сен Мау 25 , 2022
Оқылды: 148 Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы Түркияның Анталья қаласындағы ең ірі медиа холдинг – “LIDER MEDYA” Медиа холдингтің Басқарма төрағасы Сабри Чағлар мырзамен кездесті.  Кездесу барысында Түркітілдес журналистер қоры (TÜRK DİLİ KONUŞAN GAZETECILER VAKFI) мен “LIDER MEDYA” арасында кәсіби ынтымақтастық орнату, ортақ жобалар жасау туралы кеңес өтті. Сондай-ақ, […]