Қазақ-Түрік журналистері ортақ жобаларды бірлесе жүзеге асырады

Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы Түркияның Анталья қаласындағы ең ірі медиа холдинг – “LIDER MEDYA” Медиа холдингтің Басқарма төрағасы Сабри Чағлар мырзамен кездесті. 

Кездесу барысында Түркітілдес журналистер қоры (TÜRK DİLİ KONUŞAN GAZETECILER VAKFI) мен “LIDER MEDYA” арасында кәсіби ынтымақтастық орнату, ортақ жобалар жасау туралы кеңес өтті.

Сондай-ақ, Қазақстандағы журналистер мен журналистика факультетінің студенттерін Анталья мен Бұрсада тәжірибе алмасу мақсатында пресс турлар ұйымдастыру, жедел әрі нақты ақпарат алмасу, деректерді тексеру, тікелей эфирде жұмыс істеу шеберлігі, журналистердің қауіпсіздігі т.б қатысты арнайы курстар, семинар, вебинарлар өткізуге келісм жасалды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қазақ журналистері Түркияда тәжірибе алмасады

Сен Мау 25 , 2022
Оқылды: 504 Түркітілдес журналистер қоры түркі әлемі медиасын дамытуға, түркі журналистерінің кәсіби білігі мен бірлігін арттыруға мүдделі. Осы орайда қор Президенті Нәзия Жояменгенқызы Анталья Журналистер одағының төрағасы Идрис Таш мырзамен кездесті. Түркітілдес журналистер қоры түркі әлемі медиасын дамытуға, түркі журналистерінің кәсіби білігі мен бірлігін арттыруға мүдделі. Осы орайда қор Президенті […]