Әскерлерді қорытынды тексеру жалғасады

Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінде оқу жылын қорытынды тексеруі жүргізілуде. Аталмыш шараға Қарағанды гарнизонына қарасты «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері де тартылған. 

Ел әскеріндегі жауынгерлік дайындықтың нақты жай-күйін, жеке құрамның даярлық деңгейін анықтау осы айдың басында бастау алған. Тексеру жұмыстарының негізгі мақсаты – әскери қызметшілер мен басқару бөлімшелерінің жоғары басшылықтың жауынгерлік міндеттерін белсенді іс-қимылға және сәтті орындауға дайындығы мен қабілетін анықтау.

Отанымыздың тәуелсіздігін, тыныштығын, шекарасының бүтіндігін қорғайтын жауынгер болу – кез келген ер азамат үшін зор құрмет. Қорытынды тексеру жұмыстары кезінде әрбір әскери қызметшіні жеке-жеке бағалап, лайықты бағасын беру сарапшы мамандардың құзырында. Қорытынды тексеру нәтижелері бойынша қолбасшы басқармасының жеке құрамы оң нәтижелер көрсетті.

«Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері тактикалық, арнайы, оқ ату, саптық және дене шынықтыру даярлығынан сынақ тапсыруда. «Астана» өңірлік қолбасшылығы басқармасының әскери қызметшілері атыс қаруынан оқ атудан шеберліктерін көрсетті, жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде тактикалық іс-қимылдарды пысықтады, сондай-ақ офицерлер мен сержанттардың әдістемелік даярлығы бағаланды, – деді«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары подполковник  Мұрат Ағыбаев.

Аталған қорытынды тексеру қазан айының соңына дейін жалғасады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Әскери техниканың қысқы кезеңге дайындығы

Сей Қаз 26 , 2021
Оқылды: 904 Қарағанды гарнизонының механикаландырылған бригадасы техниканың қыс мезгілге әзірлігін пысықтауда. Осы мақсатта Қарағанды өңіріәскери көліктердің қысқы кезеңге дайындығын бақылау жұмыстарын өткізді. Әскери техникаларды қысқы кезеңге тексеру жұмыстары барысында автокөлік иелерінің құжаттары, қысқы резинаның, дәрі қобдишасының, өрт сөндіргіштердің және аварияны тоқтату белгілерінің болуы мен оның жай-күйі басты назарға алынады. Механикаландырылған […]