Әскери ортада қылмысқа орын жоқ

Қарағанды ​​өңірлік гарнизоны, Әскери полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №30 мекемесі қызметкерлерімен бірлесіп, аудан аумағында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша әскери қызметкерлермен профилактикалық жұмыстар жүргізді.

31775 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен барынша қауіпсіз түзеу мекемесін аралаған мамандар, жазасын өтеушілердің қателіктері сабақ болса екен дейді. Сонымен қатар, аталған іс-шарада профилактикалық бөлімнің бастығы әділет подполковнигі Жарқынбек Молдаханов сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасау бойынша қылмыстық заңнама талаптарын жеткізді.

Алдын алу шараларына әскери қызметкерлер қатысты. Профилактикалық іс-шаралар сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған, сотталған азаматтарды көріп, әр азамат әскери ортада қылмысқа орын жоқ екендігін сезінеді – деп атап өтті, Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасы профилактикалық бөлім бастығы, әділет подполковнигі Жарқынбек Молдаханов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

«Жас ұлан» мектебінің түлектері білім ордасымен қоштасты

Сей Мау 18 , 2024
Оқылды: 359 Қарағанды қаласында екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы «Жас ұлан» мектебін 179 оқушы мектебімен қоштасты. Салтанатты шараға «Астана» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Шәкен Жарылқасынов, Қарулы Күштердің ардагерлері мен интернационалист-жауынгерлер қатысты. Олар салтанатты жағдайда Жас ұландықтарға аттестаттары мен алғыс хаттарды табыс етті. Қарағандылық «Жас Ұланның» көптеген […]