Жаңаарқада жаңа үйлер салынды

«Нұрлы жол» бағдарламасымен Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында салынып жатқан үйлер өз тұрғындарын қарсы алып жатыр.

Жаңаарқа ауданының құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесінің Жаңаарқа ауданы аймағында атқарылып отырған жұмыстары туралы мәліметтерге сүйенсек, 2017 жылдың басынан Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, «Жаңа-Нұр» ықшам ауданынан 12 екі қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлер салынды, оның ішінде (4 – сегіз пәтерлі және 8 – он алты пәтерлі). Қазіргі таңда 160 пәтер қолданысқа беріліп, үй кезегінде тұрған адамдар алды.

2020 жылдың маусым айында Жаңаарқа кенті, «Жаңа-Нұр» ықшам ауданында 18 және 9 пәтерлі үш қабатты тұрғын үй салына бастаған. Бүгінде осынау құрылыс жұмыстары жалғасын тауып, 2021 жылдың желтоқсан айында аяқталу тиіс.

2021 жылдың мамыр айында 36 пәтерлі үш қабатты 3 үйдің құрылысы басталды. Екі үйдің құрылыс жұмыстарының аяқталуы ағымдағы жылдың желтоқсан айында көзделіп отыр. Бір үйдің құрылысы 2022 жылға жоспарланған. Сондай-ақ құзырлы мекеме 2022-2023 жылдарға арналған жобалау сметалық құжаттары мен 48 пәтерлі 4 қабатты төрт үйдің құрылысына арналған жобалар әзірлеп жатыр,- дейді сала мамандары.

Бірнеше жыл кезекте тұрып, осы уақытқа дейін жалдамалы үйлерде тұрған тұрғындар өз үйінің кілтін алды. Осы үйлерге қол жеткізген тұрғындардың бірінен үй жайлы өз көз қарасын сұрастырған болатынбыз. Соның бірі, Назгүл Құдайбергенқызы Нұрманова:

мен Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданынан үй алуға, жолдасым «1-топ мүгедек» және осы категория бойынша кезекке 2013 жылың қыркүйек айында тұрған болатынмын. 2021 жылдың наурыз айында бізге бірінші қабаттан екі бөлмелі үй беріліп, сол уақыттан бері осы үйде тұрып жатырмыз. Бұл үйде қазіргі таңда жолдасым және екі қызым, барлығы 4 адам тұрамыз. Үйіміз өте кең. Барлық жағдай жасалған. Есік алдында балалар ойнайтын алаң да бар. Көшеміз де, үйлеріміз де барлығы заманауи түрде.

– үйге көшіп келгелі қандай да бір мәселе туындады ма? Туындаған жағдай болса ол мәселе шешімін таба алды ма?

– жоқ, осы үйде тұрған барша уақытта еш мәселе туындамады. Жылу келіп, суымыз ағып тұр. Үйдің айналасы да тыныш. Әлі де салынып жатқан үйлер болса да, көршілерміз барлығымыз осы үйге қол жеткізгенімізге өте қуаныштымыз. Оған қоса құрылысы әлі аяқталмаған үйлердің өз тұрғындарын табуына тілектеспіз. Осы үйлер үшін еңбек еткен барша адамдарға алғысымызды білдіргіміз келеді,- деп, 8 жыл кезекте тұрып, үйдің кілті берілген кездегі қуанышын бізбен бөлісті.

Берілген үйлерде көбірек уақыт тұрған тағы бір тұрғынынан алынған сұхбатпен бөліссек:

сәлеметсіздер бе, менің есімім Дильнас Искакова болады. Бұл үйге кезекте 10 жылдай уақыт тұрып, 2020 жылы алған болатынбыз. Кезекке «Жалғыз басты ана», «Көп балалы ана» оның ішінде 3 бала асыранды категориясында болып тұрған едік. Бізге 3 бөлмелі үй берілді. Алған үйге көңілім толықтай толады. Және бізге үй берілмес бұрын көңілімізге қарап, таңдау жасауға да рұқсат берілген еді. Біздер үшін еңбек етіп жатқан, осындай бағдарламалармен үй беріп жатқандарға және үйді осындай сапалы етіп салған құрылысшыларымызға да алғысымды білдіремін.

Қарағанды облысының, Жаңаарқа ауданында берілген үйлердің және олардың тұрғындарының жағдайын өз көзімізбен барып, көріп қайттық. Барған жерімізде, айнала толған балалардың сылдыр күлкісі мен бақытқа толы болды.

Гүлнұр Жасұланқызы Мұхтарова

Академик Е.А.Бөкетов атындағы

ҚарУ-нің филология факультетінің

2-курс студенті

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады

Сәр Мау 16 , 2021
Оқылды: 782 Бұл – Қазақстанның жоғары білім беру тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға. М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU Университеті Орталық Азия бойынша алғашқы болып CFA®-де мойындалды және бакалавриат пен магистратура бағдарламасы бойынша аталған институттың әріптестік бағдарламасына қатысушы атанды. Институттың әріптестік бағдарламасы қатысушылары арасында АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Қытай, Австралия, Гонконг және Еуропа, Азия […]