QazForum-2021

Нұр-Сұлтанда “QazForum-2021” қазақ тілінде онлайнконтент жасаушылардың V форумы өтеді.2021 жылы 5 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «Медиа кеңестіктің жаңа келбеті» қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың V форумы өтеді.

 

Форумға жыл сайын қазақтілді БАҚ саласындағы ең үздік сарапшылар, журналистер, блогерлер мен влогерлер, веб-сайттардың бас редакторлары жиналып, жергілікті және шетелдік спикерлермен кәсіби тәжірибе алмасады, сондайқ бейресми кездесулер өткізеді.

Биыл Форум аясында «Соңғы 30 жылдықтағы қазақстандық БАҚ пен қоғам», «Жаһандық және қазақстандық медиадағы жаңа тенденциялар», «Пандемия кезіндегі медиатрендтер» секілді тақырыптарды талқылап, сонымен қатар Қазақстан мен АҚШ-тың жетекші медиа-сарапшыларының шеберлік сыныптары мен тренингтерін өткізу жоспарланып отыр.

Форум қонақтары мен спикерлері:

• Аида БАЛАЕВА, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

• Джуди КУО, АҚШ -тың Қазақстан Республикасындағы елшісінің міндетін атқарушы;

• Бағдат МУСИН, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

• Ерлан ҚАРИН, Қазақстан Республикасы Президентінің саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі;

• Рауан КЕНЖЕХАНҰЛЫ«Ұлттық Аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры;

• Қарлыға МЫСАЕВА, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті деканының орынбасары

• Әлішер ЕЛІКБАЕВжурналист, PR маманыкәсіпкерAstana Group президентінің кеңесшісі;

Мақпал ЖҰМАБАЙ, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары

• Марат ОРАЛҒАЗИНшоумен, сценарист, режиссер және продюсер;

• Ерболат БЕДЕЛХАН, әншіпродюсер;

• Айзат ҚҰСАЙЫНОВ, «ÕZEN» лейблінің негізін қалаушы, продюсер;

• Алмас ЖАЛИ, продюсер, «Brave Talents» продюсерлік орталығының негізін қалаушы;

• Асхат ХАЛИМОВ, продюсер, «JKS ENTERTAINMENT»негізін қалаушы;

• Ғалымжан КЕНШІЛІК, шоумен, «Қазақстан» РТРК теле жүргізушісі;

• Абай СЕРҒАЗИЕВ, GALAMAT MEDIA басшысы;

• Өркен КЕНЖЕБЕК, блогер, тележүргізуші;

• Думан СМАҚОВ, factcheck.kz сайтының бас редакторы;

• Айсана АШИМ, The Village Kazakhstan тәуелсіз БАҚ директоры

Кештің арнайы қонақтары – ÕZEN лейблінің резиденттеріdudeontheguitar және YENLIK.

QAZFORUM-ның бастамашысы және идеялық қолдаушысы – АҚШтың Қазақстан Республикасындағы Елшілігі.

Аккредиттеу және қосымша ақпарат:

Ғалия Садубаева, +7 747 377 08 17

info@qazforum.kzgaliya@b-event.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

«Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпаздары

Жұм Қаз 22 , 2021
Оқылды: 145 30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» Республикалық конкурсының жеңімпаздары атанды  Нұр-Сұлтан қаласында қазанның жиырма екісінде кезекті «Жасыл кеңсе» III республикалық конкурсының қорытындысы шығарылды, ол отандық компанияларға өзінің экологиялық саясаты мен энергия үнемдеу тәжірибесін қалыптастыруға көмектесуге бағытталған. Жеңімпаздар қатарында–еліміздің ең танымал кәсіпорындары мен компаниялары бар. Конкурс жеңімпаздарының бірі–Қазақстанда танымал балмұздақ […]