«Жас ұлан» мектебінің түлектері білім ордасымен қоштасты

Қарағанды қаласында екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы «Жас ұлан» мектебін 179 оқушы мектебімен қоштасты.

Салтанатты шараға «Астана» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Шәкен Жарылқасынов, Қарулы Күштердің ардагерлері мен интернационалист-жауынгерлер қатысты. Олар салтанатты жағдайда Жас ұландықтарға аттестаттары мен алғыс хаттарды табыс етті.

Қарағандылық «Жас Ұланның» көптеген тәрбиеленушілері әскери әулеттердің ізбасарлары, сондықтан олар мектепті бітіргеннен кейін ата-анасының жолын қуып, әскерлік мамандықты таңдайды. 150 мектеп бітіруші жоғары әскери оқу орындарына түсуге шешім қабылдаған.

– «Жас ұланда» екі жыл оқу барысында мен лайықты білім алып, тәртіпті және физикалық тұрғыдан төзімді болдым. Мектепте алған білімімнің барлығы Құрлық әскерлерінің Әскери институтына түсуіме және оны сәтті оқуыма көмектеседі. Болашақта мен де атам сияқты Республикамыздың лайықты офицері болғым келеді, – дейді жас түлек Дәулен Бекежан.

Салтанатты бітіру кешінде Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студент қыздары жас ұландықтармен мың бұрала вальс биледі. Іс-шара мектеп оқушыларының қоян-қолтық ұрыс элементтерін көрсетуімен және салтанатты маршпен аяқталды. Биыл қарағандылық «Жас ұланға» 40 жыл. Құрылған жылдар ішінде мектепті 5000-нан астам оқушы бітірді, олардың арасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Сәкен Жүсіпов пен Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Асан Жүсіпов, сондай-ақ Таулы Қарабақтағы әскери операциялардың ардагерлері және Чернобль атом электр станциясының зардаптарын жоюшылар да бар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Шекара күзеткен батыр

Сей Мау 18 , 2024
Оқылды: 201 Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын, шекара қызметінде батылдық пен табандылық танытқан әр заманның өз батырлары бар. 1994 жылдың қыркүйегінде тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан кіші сержант Раджан Батырханов сол батырларымыздың көшін бастап тұр. Раджанның осыдан 30 жыл бұрын 7 сәуірде жауынгер достарымен, тәжік-ауған шекарасын қорғау […]