Мемлекеттік қызметшілер Түркияда тағылымдамадан өтті

Қазақстандық мемлекеттік қызметшілер тәжірибе алмасу және біліктілігін арттыру мақсатында Түркияда тағылымдамадан өтті.  

5 күндік тағылымдама ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы мен Түркия Республикасы Президентінің жанындағы Адам ресурстарын басқару жөніндегі офис арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылды. Тағылымдамаға еліміз бойынша 6 өңірдің 13 мемлекеттік қызметшісі қатысты.

Тағылымдамаға қатысып келген Абай облысы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Анзор Абаев кәсіби дағдыларын арттырып келгенін айтты.

«Тағылымдама барысында мемлекеттік аппараттың қызметімен жеке танысуға, тікелей орындаушылармен және Түркияның жекелеген мемлекеттік органдарының басшылығымен пікір алмасуға мүмкіндік туды. Тағылымдама жоғары деңгейде ұйымдастырылды және нәтижелі өтті.
Сондай
ақ тағылымдама аясында Түркия мемлекеттік аппаратының басқару жүйесімен, жергілікті әкімдіктердің, салалық министрліктердің қызметімен тереңірек таныстым. ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына бізге кәсіби дағдыларымыз бен құзыреттерімізді арттыруға, білімдерімізді кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіремін», – деді мемлекеттік қызметші. 

Тағылымдама бағдарламасына сай делегация HR Кеңсесінің қызметімен, цифрлық жүйені пайдалана отырып, Түркияның адами ресурстарды басқару саласындағы тәжірибесімен танысты. Министрліктер мен ведомстволық бағынысты ұйымдарда, Анкара және Каппадокия қалаларының губернаторларымен бірқатар кездесу өткізілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер үшін Түркияның Ішкі істер министрлігіне қарасты Апаттар мен төтенше жағдайларды басқару кеңсесінде (AFAD) су тасқыны, жер сілкінісі кезінде әрекет ету, құтқару операцияларын жүзеге асыру бойынша практикалық дәріс өткізілді.

Қатысушылар Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің қызметімен де танысты. Тағылымдама нәтижесі бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы ортақ іс-шаралар мен жобаларды іске асыру туралы келісілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Сарбаздар әскери бөліммен қоштасты

Сәр Мам 15 , 2024
Оқылды: 332 Қарағанды гарнизонына қарасты, 31775 әскери бөлімінде 1-мотоатқыштар батальонының сарбаздары әскери бөлімімен, аға буын әскерилер мен қоштасты. Мерзімді қызметтің 140 сарбазы үйлеріне аман-есен оралады. Механикаландырылған бригада Отан алдындағы абыройлы міндеттерін атқарған азаматтарды салтанатты түрде шығарып салып, сәттілік тіледі.   Бөлімнің барлық жеке құрамы саптық алаңда жиналып, қызмет еткен жігіттерге […]