Лайықты марапат – бірінші орын.


«ҚР ҚМ ӘТМ» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас директоры, запастағы генерал-лейтенант Болат Дарбеков Қарағанды қаласына арнайы келді. Генерал-лейтенант Кеңес Одағының Батыры Мартбек Мамыраев атындағы ӘТМ-тің Қарағанды филиалының командасына әскери-техникалық училищелер арасында топ жарып, 2020- жылдың соңында бірінші орын алғаны үшін ту мен вымпелді табыстады.

ӘТМ, Қарағанды филиалының бастығы, отставкадағы полковник Амангелді Жантасов көшпелі жалауша мен вымпелді генералдың қолынан қабыл алды. Мұнан бөлек, әскери қызметке шақырылғандар мен жеке құрамды даярлау үшін қызметте белсенділік танытқандар да марапатсыз қалмады. ҚР ҚМ ӘТМ Республикалық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорны атынан ұсынылған «Қол жеткізген жетістіктері үшін» атты төсбелгілерімен Қарағанды облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің жасақтау басқармасының бастығы, Департамент бастығының орынбасары, подполковник Рустам Жалбинов және Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, подполковник Дмитрий Буксман марапатталды.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бағыт-бағдары мен назар аударуының нәтижесінде аталмыш мектептерде он әскери тіркеу мамандықтары бойынша әскери дайындықтан өткен резервті даярлау қызметі айтарлықтай күшейтілді. Сондай ақ, Қорғаныс министрлігінің Қарағанды әскери-техникалық мектебінің командасы мектептер арасында өткен сайыста топ жарып, 14 филиалдың ішінде ең ірі жетістікке қол жеткізген. 

2020 жылы әскери дайындықтан өткен 4000-ға жуық резервтің жалпы саны әскери-техникалық мектептен келесі әскери тіркеу мамандықтары бойынша білім алып шыққан, олар: қол пулеметінің пулеметшілері, жаңғыртылған Калашников пулеметшілері, атқыш-мергендер, граната атқыштардың көмекшісі, РПГ-7 граната атқыштары, АГС-17 машинасындағы граната атқыштың мамандары.
Сондай ақ, әскери дайындықтан өткен резервтік бағдарлама бойынша дайындалған мамандардың тізімін көбейтуге Қарағанды филиалының оқытушылары айтарлықтай үлес қосқан. Әскери сала мамандары мамандықтардың санын жетіге дейін кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар оқытуды жабдықтауды қолға алған. Автодром аумағында қажетті жаттығу орындары және кейбір оқу кабинеттерін қайта жабдықтауға, сонымен қатар атыс қаруы мен гранатомет оқтарының қажетті үлгілеріне қол жеткізген.

«Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша, мен 18 әскери тіркеу мамандықтарын көбейту туралы ұсыныс жасадым. Бірінші кезекте материалдық-техникалық және жауынгерлік пайдалану бейімділігін қолға алу керек. Осы ұсыныс бойынша Бас штаб бастығының жұмыс тобы құрылды. Менің пікірімше, 2021 жылдың бірінші тоқсанында әскери дайындықтан өткен «резервке дайындық» бағдарламасының екінші бөлігі жұмыс тәртібіне енеді», – деп запастағы генерал-лейтенант Болат Дарбеков әскери қызметті дамыту жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ ол, әскери дайындалған резервті дайындауда практикалық көмек көрсеткені үшін «Астана» аймақтық қолбасшылығының командирі мен 31 775 әскери бөлімінің командиріне өз ризашылығын білдірді.

Дереккөз: ҚР ҚМ МО Қарағанды Гарнизоны баспасөз қызметінен.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Штабтық жаттығулар жалғасады

Бей Қаң 28 , 2021
Оқылды: 1  073 Өңірлік қолбасшылықтар әскерлері (ӨңҚ) мен әскер тектері қолбасшыларының басқармасында бірлескен штабтық жаттығулар өтті. Олар Қарулы Күштердің 2021 оқу жылындағы даярлық жоспары негізінде ұйымдастырылды.    Штабтық жаттығулар барысында шешім қабылдау, операцияларды жоспарлау, әскери басқару органдарын үйлестіру, өзара іс-қимылды ұйымдастыру және іс-шараларды жан-жақты қамтамасыз ету міндеттері орындалды.  «Батыс», «Астана» өңірлік […]