«ADAL BILIM» – ЕҢ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ ЖОБА

«Адал тұлға-2020» ұлттық сыйлығы аясында ҚР БҒМ қарасты «ADAL  BILIM» жобалық кеңсесі «Ең үздік ұлттық жоба» номинациясына ие болды. Ұлттық сыйлықты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев табыстады.

Аталған марапатқа «ADAL  BILIM» жобалық кеңсесі білім және ғылым саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізген жұмыстары үшін ие болды. Жобалық кеңсенің негізгі қызметтерінің бірі -мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ғылым саласында парасаттылықты қалыптастыру. Сондай-ақ «ADAL  BILIM» осы салаларды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау жұмыстарымен айналысады.

«ADAL  BILIM» жобалық кеңсесі  — мемлекеттік мекеме емес. Бұл — қоғамдық жұмыс. Білім және ғылым саласындағы жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыс істеп жатқанымызға 1 жыл ғана болды. Осы уақыт аралығында аталған салалар бойынша тіркелген заң бұзушылықтар бойынша жұмыс істеп, жақсы нәтиже көрсетіп үлгердік. «Ең үздік ұлттық жоба» атануымыз бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Алдағы уақытта да еліміздегі сыбайлас жемқорлық факторларын барынша азайту үшін қызмет ететін боламыз», – деді ADAL  BILIM» жобалық кеңсесінің төрағасы Талғат Нәрікбаев.

Атап өтейік, «ADAL  BILIM» жобалық кеңсесі 2019 жылдың 2 шілдесінде М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің базасында құрылған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Философия ғылымының білім беру саласындағы рөлі

Сей Жел 15 , 2020
Оқылды: 1  158  Философия – бұл ғылым салаларының ішіндегі ауқымы үлкен, гуманитарлық салалардың түп-тамыры, бастауы деуге болады. Қазіргі әлемдегі әлеуметтік өзгерістерге және посткеңестік кеңістіктегі мәдени өзгерістерге байланысты гуманитарлық білім Ұлттық білім беру жүйесінде өте маңызды рөлге ие болып отыр. Қазіргі уақыттағы бәсекеге қабілетті қоғам қалыптастыру жолында жоғары оқу орындары мен білім […]