Қазақстанның үздік университеті беделді халықаралық аккредитациядан өтті

КАЗГЮУ Экономика Жоғары мектебі бағдарламаларының түлектері АССА емтихандарын тапсырмауына болады, – деп хабарлайды КАЗГЮУ Университетінің баспасөз қызметі. Атап өтейік, ACCA (Association of Chartered Certifed Accountants) – қаржы, менеджмент, есеп және аудит салалары мамандардын біріктіретін ғаламдық кәсіптік қауымдастық.

Жоғары Экономика мектебінің «Есеп және аудит» және «Қаржы» бағдарламалары 2025 жылға дейін АССА қайта аккредиттеуінен өтіп, АССА беделді халықаралық кәсіби аккредиттеу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнының сәйкестігін растады. Аккредиттеу қағидаларына сәйкес әр төрт жыл сайын университет бағдарламалардың талаптарға сәйкестігіне қайта аккредиттеуден өтеді.

«2020 жылы 58 түлек АССА емтиханында университеттер тапсыруы керек 9 құжаттың барлығынан босатылды. 53 бітіруші ACCA «Accelerate» стипендиялық бағдарламасына іріктелді. Аталған аккредиттеуге кіретін курстарды (пәндерді) шетелдік университеттердің түлектері, АССА сертификатының иегерлері және сертификациясын аяқтап жатқан кандидаттар оқытады. Бұл талаптың барлығы оқытушыларды таңдау кезінде маңызды», – дейді КАЗГЮУ Экономика Жоғары мектебінің директоры Сәуле Кемелбаева.

Естеріңізге сала кетейік, ЭЖМ АССА аккредиттеуін 2016 жылы алды.

«Атамекен» ҰКП деректеріне сүйенсек, бағдарламалардың халықаралық аккредитацияларға сәйкес келуі университет түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейін көтеретінін атап өткен жөн.

Түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі 2019 жылы 100%-ды, 2020 жылы – 96%-ды құрады.

Жалпы қауымдастық 178 елде 208 000 мүше мен 50 3000 студентті біріктіріп, оларға кәсіби және іскерлік дағдыларды ескере отырып, табысты мансап құруға көмектеседі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Instagram-дағы үздік бизнес-аккаунттар рейтингі жарияланды

Сәр Сәу 14 , 2021
Оқылды: 935 Instagram әлеуметтік желісінде парақшаларын қызықты жүргізетін, оқырмандарға сапалы контент ұсынатын бизнес-аккаунттардың рейтингі жасалды. Әлеуметтік желі оқырмандарының басым бөлігі – жас әрі әлеуметтік белсенді интернет пайдаланушылар. Жақсы имидж қалыптастыру компанияны дамытудың негізгі құралдарының бірі екені белгілі. Оқырмандарды парақшаларына қызықтыру үшін мамандар түрлі тәсілдерді қолдануда. Wеproject.media интернет-басылымы SMM саласын жақсы […]