Ақтау, Қазақстан – Маңғыстау және Атырау облыстарының әлеуметтік кәсіпкерлерінің құрылтайы 9 желтоқсанда Ақтауда, 10 желтоқсанда Атырауда өтеді. Құрылтай дәстүрлі түрде аймақтың ең белсенді әлеуметтік кәсіпкерлерін жинайды. Биыл бұл шара онлайн режимінде өтіп жатыр. 60-тан астам қатысушы әлеуметтік кәсіпкерлік (ӘК) туралы заң жобасын, Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жоспарларын, сондай-ақ «Жарқыра» әлеуметтік […]

Студенттердің сапалы білім алып жатқанына көз жеткізудің жалғыз жолы – емтихан уақытында үздіксіз бақылау жүргізу және онлайн-прокторингті қолдану. Пандемия кезінде жоғары оқу орындары қашықтан оқыту форматына көшіп қана қоймай, білім сапасын жоғалтпау үшін тиісті шаралар қабылдауы керек болды. Бұл туралы Талғат Нәрікбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. «Емтихандардың онлайн […]

Жұмыс берушілердің айтуынша, еңбек нарығында ағылшын тілін жетік меңгерген қазақ тілді мамандар жетіспейді. Қазіргі таңда екі тілді тең дәрежеде игерген қызметкерлерге деген сұраныс әлдеқайда артқан. Десе де ондай мамандарды даярлайтын білім ордалары жоқтың қасы. Аталған мәселе ҚР БҒМ қарасты «ADAL BILIM» алаңында талқыланды. «Бұрын қазақстандық бірнеше университетте қазақ-ағылшын  тілдерін оқытатын […]

Ағылшын тілін қазақ тілі арқылы үйрететін әдістемелерді дамыту керек. Мұндай пікір «ADAL BILIM» жобалық кеңсесінің Фейсбуктегі парақшасында өткен эфир барысында айтылды. Тікелей эфирде «Еңбек нарығында қазақ-ағылшын тілді мамандар неге аз?» деген тақырып талқыланды.   Аталған мәселе жайында қазақ және ағылшын тілдерінің мамандары, медиа саласы қызметкерлері мен жұмыс беруші компания өкілдері арасында […]

Тәуелсіздік алғалы 30 жыл ішінде 400 мың заңгер диплом алған, ал жыл сайын елімізде 10 мыңға жуық заңгер даярланады. Бұл туралы «Kazakhstan Bar Association» Заң консультанттары палатасының Төрағасы Жұмагелді Елубаев «Заң білімі және ғылым: заманауи мәселелер және жетілдіру перспективалары» атты халықаралық конференцияда айтты.   «18 миллион халқы бар ел үшін  заңгерлерді […]

Әлемдегі ең көне оркестрлардың бірі Президенттік симфониялық оркестр (ПСО) 2020 жылдың 3-4-5 желтоқсанында есігін гала концертпен ашты. Екі ғасырға жуық тарихы бар оркестр рухани ортаға жаңаша серпін берері сөзсіз. Түркия – әлемдік мәдениеттің күретамырына айналған ел. Ешбір мемлекетке ұқсамайтын бірегей тарихы, табиғи сұлулығы мен уақыт ағынына ілесіп отыратын тамаша тұрмыс-тіршілігіне […]

82 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ҚАРЖЫ БӨЛІНЕДІ, АЛ ЖАЛАҚЫ – 136 МЫҢ ТЕҢГЕ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ADAL BILIM жобалық кеңсесінің әкімшісі Сергей Пен университет оқытушылары неге ғылыммен айналыспайтыны туралы айтты. «Оның басты себебі – ғалымдардың жалақысының төмендігі. Егер бакалавриат, магистратура, докторантура түлектері ғылыммен айналысқысы келсе де, экономикалық жағдайлар кедергі келтіреді. Қазір […]

Алматы. Қазақстан – «Шеврон» корпорациясы Қазақстан Республикасына көрсеткен гуманитарлық көмек аясында COVID-19 індетімен ауырған науқастарды емдеу үшін Денсаулық сақтау министрлігіне арналған дәрі-дәрмектерінің екінші топтамасын және дәрігерлерге 400 000 жоғары сапалы медициналық қолғап жеткізді. «Шеврон» компаниясы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, сатып алынған және Алматы қаласына жеткізілген қажетті дәрі-дәрмектердің тізімін құрды. Екінші топтамада дәрі-дәрмектің  70000 қаптамасы жеткізілді. Олар Қазақстанның барлық облыстық орталықтары мен үлкен қалаларының емханалар мен ауруханаларына жіберіледі. Сонымен қатар медициналық қорғау құралдары, оның ішінде дәрігерлерге арналған медициналық комбинезондар, […]

Halyk Bank әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін газ қосты. Қазіргі уақытта Алматы қаласында 2800-ге жуық жеке тұрғын үй газбен жабдықтау жүйесіне қосылмаған. Қыстың күні көмір жағу арқылы үйді жылыту қаланың экологиялық жағдайына кері әсерін берсе, отбасы үшін артық шығын және әуреге салатыны айдан анық. Осы жылдың басында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарының үйлерін […]

Ғалымдардың жалақысын заң жүзінде қарастыру қажеттігін ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының экс-орынбасары Ләззат Құсайынова  ADAL BILIM платформасында өткен тікелей эфир барысында айтты. Қазақстандық ғылымды дамытуға және ғылыми жобаларға гранттық қаржыны бөлуге қатысты мәселелер ғалымдар арасында талқыланды. Эфир барысында Халықаралық ғылыми ынтымақтастық орталығының президенті әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі бойынша ғалымдардың жалақысы мемлекеттік […]