Талғат Нәрікбаев онлайн-емтихандар кезінде прокторинг жүйесін қолдануды ұсынды

Студенттердің сапалы білім алып жатқанына көз жеткізудің жалғыз жолы – емтихан уақытында үздіксіз бақылау жүргізу және онлайн-прокторингті қолдану. Пандемия кезінде жоғары оқу орындары қашықтан оқыту форматына көшіп қана қоймай, білім сапасын жоғалтпау үшін тиісті шаралар қабылдауы керек болды. Бұл туралы Талғат Нәрікбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Емтихандардың онлайн форматта әділ өтуін енді компьютерлер қадағалайды. Қазіргі студент – болашақта сіз бен біздің өмірімізге әсер ететін маман. Диплом алған маман дұрыс білім алып шығуы керек.  Кейін олар өзімізді емдейді, сотта судья болады, мемлекеттік қызметте жұмыс істейді және өзге де күнделікті пайдаланатын қызметтерді көрсетеді», – деді М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің төрағасы.

Онлайн прокторинг – қашықтан емтихан тапсыру кезінде көшіруді және басқа да әділетсіздіктің алдын алатын цифрлық шешім. Оны әлемнің озық университеттері қолдануда. Сапалы онлайн прокторинг тірі адам сияқты студентті дәл сол уақытта веб-камера арқылы бақылап, артық қимыл жасамауын қадағалайды. Студенттің көз және ерін қимылдарын бақылап, шпоргалка пайдаланса немесе бөлмедегі бөтен адамнан көмек сұраса бірден анықтайды.

Емтихан аяқталғаннан кейін жүйе тек студент қимылының ғана емес, компьютерінің экранында ашқан сайттар мен құжаттар бейнесін сақтайды, күдікті әрекеттер хаттамасын жасайды және студенттің «күдік рейтингін» есептеп шығарады.

Талғат Нәрікбаевтың айтуынша, КАЗГЮУ қазіргі уақытта онлайн-прокторингті сәтті қолдануда.

«Онлайн форматта сапалы біліммен қамтамасыз етудің белгілері: білім алушылардың оқу контентіне қолжетімділігі, «e-learning»-ге арналған тұрақты жұмыс істейтін платформаның болуы, сабаққа қатысуды және материалды игеруді есепке алу, белгілеу, оқытушылардың студентпен әрқашан кері байланыста болуы, онлайн-емтихандарды өткізу  барысында  прокторингті қолдану. Яғни, онлайн білім беру кезінде офлайнмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріс болған жоқ», – деп атап өтті Басқарма төрағасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қазақстанның батысында әлеуметтік кәсіпкерлер құрылтайы өтті

Бей Жел 10 , 2020
Оқылды: 1  071 Ақтау, Қазақстан – Маңғыстау және Атырау облыстарының әлеуметтік кәсіпкерлерінің құрылтайы 9 желтоқсанда Ақтауда, 10 желтоқсанда Атырауда өтеді. Құрылтай дәстүрлі түрде аймақтың ең белсенді әлеуметтік кәсіпкерлерін жинайды. Биыл бұл шара онлайн режимінде өтіп жатыр. 60-тан астам қатысушы әлеуметтік кәсіпкерлік (ӘК) туралы заң жобасын, Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жоспарларын, сондай-ақ […]