Halyk Bank тұрғындарға газ тартады

Halyk Bank әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін газ қосты.

Қазіргі уақытта Алматы қаласында 2800-ге жуық жеке тұрғын үй газбен жабдықтау жүйесіне қосылмаған. Қыстың күні көмір жағу арқылы үйді жылыту қаланың экологиялық жағдайына кері әсерін берсе, отбасы үшін артық шығын және әуреге салатыны айдан анық. Осы жылдың басында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарының үйлерін газға қосу үшін екінші деңгейлі банктер арқылы кредит беру мүмкіндігін қарастыруды тапсырған. Осы орайда, Halyk Bank әкімдіктің бұл бастамасын қолдап, газ орнатуға пайызсыз несие беруден бөлек, тұрмысы төмен отбасыларға газды тегін орнату жобасын бастап кетті.


«Жоба халықтың әлеуметтік осал тобына жататын және өз үйлерін газбен жабдықтағысы келетін басқа да қала тұрғындарын қамтиды. Көмір жағу қаланың ауа тазалығына кері әсерін беретінін білеміз, сондықтан Halyk Bank халықтың әлеуметтік тұрғыда жағдайы төмен тұрғындардың үйлеріне газды тегін қосады. Алматы әкімдігі ұсынған тізімге сәйкес, үйге газды тегін қосу ғана емес, онымен қоса барлық қажетті газ жабдықтарын сатып алуға да көмектесеміз. Ал, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасы қатарына жатпайтын алматылықтар үшін пайызсыз несие ұсынамыз. Бұл біздің қаламыздың әуе бассейнін тазартуға қосқан үлкен үлесіміздің бірі», – деді Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев.

       Әрбір үйге газ орнату бойынша қажетті жұмыстарды Temel Group Stroy компаниясы атқарады. Атаулы ұйымның атқарушы директоры Аслан Төлеутаевтың айтуынша, газ орнату жұмысы жеке қаралады. Мәселен, кейбір үйлерде пеш орнатуға арналған бөлек бөлме салу қажет болса, ал кейбір үйде есік немесе терезені ауыстыруға тура келеді. Яғни, газ орнатуға қажетті жабдықтардан бөлек, басқа қажетті тауарды алу, оны орнату жұмыстары да атқарылады. 


«Мен үйді жиырма жыл бойы көмір жағып, жылытып келемін. Маған бұл өте қиын еді, өйткені аяғым ауырады. Енді, міне Halyk Bank-тің арқасында менің арманым орындалды, бүгін менің үйіме газ қосылды. Бұл игі іске ризашылығым шексіз», – деді зейнеткер, 3-топ мүгедегі Галина Гончарова.

Жалғыз басты ана Гүлбахрам Бултакова: «Бұрын қызым екеуміз бөлменің дәл ортасында тұрған пешті жағуымыз керек еді. Банктің қолдауының арқасында үйге газ жеткізіліп, үйге жылу жүйесі орнатылды. Олар пеш тұратын бөлмені де өздері тұрғызды, мен Банкке шын жүректен ризамын».

          Тұрмысы төмен отбасылардың үйіне газ қосу үшін Halyк Bank 60 миллион теңгеден астам қаражат бөлді. Бүгінгі күні  10 отбасыға газ тегін орнатылды. Жыл соңына дейін Наурызбай және Алатау ауданы бойынша 70- астам үйге тегін газ тарту жоспарланған.

          Онымен қоса, кез келген Алматы қаласының тұрғындарының газ жабдығын орнату үшін пайызсыз несие алу мүмкіндігі де бар

✓ Сыйақы мөлшерлемесі – 0%;
✓ Займды ресімдегені үшін комиссия 0,1%
✓ Несиелеу мерзімі – 18 айға дейін
✓ Бір жеке тұлға үшін займның сомасы 309 000 ₸мөлшерінде

         Пайызсыз кредит алу үшін азаматтар келесі қадамдарды орындауы қажет:

– қажетті құжаттардың тізімімен кеңесу үшін аудан әкімдіктерімен байланысу қажет;

– газды қосудың техникалық шарттарын алу және қызметті ұсынатын компаниялармен келісім жасау;

 осы келісіммен кредит алу үшін келесі мекенжайлардағы Halyk Bank–тің екі бөлімшесінің біріне хабарласу қажет:

✓ Түрксіб ауданы, Кунгурская көшесі, 2 үй, Halyk Bank, 131832 бөлімшесі;
✓ Әуезов ауданы,  «Жетысу-4» шағын ауданы, 13 «А» үй, Halyk Bank, 30 ЖСО

     Бағдарлама туралы банк сайтынан толығырақ танысуға болады:

https://halykbank.kz/kz/credit/kreditgaz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Шеврон Қазақстанға дәрі-дәрмек жекізеді

Бей Жел 3 , 2020
Оқылды: 1  077 Алматы. Қазақстан – «Шеврон» корпорациясы Қазақстан Республикасына көрсеткен гуманитарлық көмек аясында COVID-19 індетімен ауырған науқастарды емдеу үшін Денсаулық сақтау министрлігіне арналған дәрі-дәрмектерінің екінші топтамасын және дәрігерлерге 400 000 жоғары сапалы медициналық қолғап жеткізді. «Шеврон» компаниясы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, сатып алынған және Алматы қаласына жеткізілген қажетті дәрі-дәрмектердің тізімін құрды. Екінші топтамада дәрі-дәрмектің  70000 қаптамасы жеткізілді. Олар Қазақстанның барлық облыстық орталықтары мен үлкен қалаларының емханалар мен ауруханаларына жіберіледі. Сонымен қатар медициналық қорғау құралдары, оның […]