Жас кәсіпкерлер арасында әлеуметтік жоба

1 қазанда жас кәсіпкерлер арасында әлеуметтік жоба авторларының әлеуетін ашуға және қолдауға бағытталған «3.2.1. Старт!» жобасының жетінші маусымына өтінімдерді қабылдау басталады. Қатысушылар оқытудың мазмұнды инкубациялық бағдарламасынан өтеді, содан кейін үздік идея авторлары өз бастамаларын іске асыруға грант алу мүмкіндігіне ие болады.

Жоба авторлары БҰҰ-ның тұрақты дамуының 5 жаһандық мақсатының біріне қол жеткізуге өз үлесін қосуы керек: сапалы білім, таза су және санитария, арзан және таза энергия, жауапты тұтыну және өндіріс, климаттың өзгеруіне қарсы күрес.

«Қамқор әлеуметтік бастамашыл жастар шетте қалмайды және өздерінің шығармашылық идеяларын ұсына отырып, әлеуметтік жобаларға белсенді қатыса алады. Ондай бастамашыл жастар біздің еліміздің дамуын ілгерілетіп, жақсы бағыттарға өзгерте алады. Алты жылдан астам уақыт бойы CCI Қазақстанның басым міндеттерінде – Қазақстандағы жастардың неғұрлым дарынды өкілдерін әлеуметтік кәсіпкерлікке тарту, оқыту және оларға елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосуға көмектесу», – деп атап өтті Coca-Cola Icecek Kazakhstan корпоративтік қатынастар жөніндегі директоры Алима Исембаева.

«Мемлекет, қоғамдастық және бизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін бірлесіп жұмыс істеген кезде тепе-теңдікті сақтап отырса, алтын үшбұрыш түзеледі. Сондықтан бизнеске өз үлесін қосу, әлеуметтік жобаларға инвестиция салу, жастардың дамуына мүмкіндік беру керек деп санаймын», – деп атап өтті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елдос Абақанов.

«Біз кәсіпкерлерді ақпараттандыру үшін барлық гранттық бағдарламаларды бақылап отырамыз. Жобаны қолдай отырып, одан жастар өз бастамаларын жетілдіруде. Жоба туралы ақпараттандыру және кеңес беру жұмыстары 190 ауылдық елді мекендердегі және 19 облыс орталықтарындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында жүргізілетін болады», – деп атап өтті Әсет Айтбаев «Атамекен» ҰКП сауда және шағын бизнесті дамыту департаментінің директоры.

Coca-Cola Icecek Қазақстан компаниясының жоспарында –Қазақстанның белсенді жастары үшін «3.2.1. Старт!»жобасын одан әрі дамыту және кеңейту. Өтінімдерді жинау кезеңі 2021 жылдың 1 қазанынан 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін жүргізіледі. Өтінімді www.321start.kz сайтында  және @321_start Instagram парақшасында беруге болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Премьер-министрге сенатордан ұсыныс

Бей Қаз 14 , 2021
Оқылды: 995 ҚР Премьер-Министрі А.Ұ. Мамин мырзаға Құрметті Асқар Ұзақбайұлы! Қазақстанда азаматтардың табыстары бойынша өте көп айырмашылық бар. Пандемия, экономикалық дағдарыс және инфляция халықтың аз қамтылған топтарын одан әрі кедейшілікке алып келді. Ал табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың үлесі, қалаға қарағанда, ауылдық жерлерде 2,5 есе көп. Бірақ, мұндай әлеуметтік ахуал […]