Көпбалалы аналар бизнес бастау үшін жарты миллион теңге ала алады. Жоба «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.
Жұмыспен қамту орталықтары жәрдемақы төлеумен қатар, қыз-келіншектерді жұмысқа орналастыруға немесе арнайы курстарда жаңа кәсіпті игеруге көмектеседі. Олар оқу барысында бизнес жүргізу негіздерін үйренеді.