Мағжан Жұмабаевтың 150-жылдығына арналған көрме

Қарағанды өңірлік Әскери полиция басқармасының жедел-ден қою бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметкерлері мен Қарағанды қаласының М.Әуезов атындағы «орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ  Жасөспірімдерге қызмет көрсету бойынша №1 филиал кітапханасында кітапхана қызметкерлерімен бірлескен Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай көрме ұйымдастырылды және  мерзімді әскери қызметшілермен – әдеби танымдық кеш өткізілді.

Көрме барысында Мұхтар Әуезов атындағы кітапхана меңгерушісі Гүлмаржан Қосжан мерзімді әскери қызметшілерге ұлы ақынның кітаптары мен еңбектері және ерліктері туралы баяндап берді. Бұл көрмеде сарбаздар ғалымның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қызықты мағлұматтарға қол жеткізді. «Мен жастарға сенемін»,- деген қоғам және мемлекет қайраткерінің сөзін ескерген Мұхтар Әуезов атындағы кітапхана меңгерушісі Гүлмаржан Қосжан сан түрлі өнерді бойына жиған дарын иесінің атқарған еңбектеріне арнайы тоқталып өтті.

«– Өткен ғасырда ұлтымыз талай қилы кезеңдерді, бірнеше саяси репрессияны бастан өткерді. Көптеген ұлтшыл, білімді ғалымдар, қарапайым азаматтар жазықсыз жапа шекті. Солардың бірі де, бірегейі көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, дарынды ақын және Алаш қозғалысының қайраткері – Мағжан Жұмабаев болды. Бүгінгі кештің негізгі мақсаты да осы тұлғаның ерен еңбегін ұлықтау, бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, зердесіне тоқуына ықпал ету,» – деді ол.

Отан алдындағы абыройлы борыштарын өтеп жүрген сарбаздар сыршыл ақын Мағжан Жұмабаев жырларын жатқа оқыды. Ақын, ұлт болашағы үшін күрескен Алаш қайраткері. Рухты жырларымен халықты жігерлендіріп, елді татулыққа шақырып, солақай саясаттың құрбаны болған тұлға жайлы жиналған қауымға деректі фильм көрсетілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Отанды қорғау – ұлы міндет

Сей Мау 13 , 2023
Оқылды: 434 36352 әскери бөлімінде Павлодар мен Алматы қаласынан келген 90 – сарбаз әскери ант қабылдады. Енді олар еліміздің Қарулы Күштерінің сапын толықтырмақ. Аз уақытта әскери тәртіпке үйреніп қалған олар Отан алдындағы борышын адал орындауға серт берді. Әскери ант қабылдау сәтіне жас жауынгерлердің туған- туыстары да келді. Ұлын сағынып қауышқан […]