Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын, шекара қызметінде батылдық пен табандылық танытқан әр заманның өз батырлары бар. 1994 жылдың қыркүйегінде тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан кіші сержант Раджан Батырханов сол батырларымыздың көшін бастап тұр.
Раджанның осыдан 30 жыл бұрын 7 сәуірде жауынгер достарымен, тәжік-ауған шекарасын қорғау кезінде, ерлікпен қаза тапты. Тау тұлғалы батыр ұлдарын еске алу мақсатында Қарағанды қаласының достық үйінде тәжік-ауған ұрыс қимылдарының ардагерлері, әкімшілік қызметкерлері, «Астана» өңірлік қолбасшылығының өкілдері, облыстық қорғаныс департаментінің өкілдері шақыртылды. Раджан Батырханов туралы бірнеше кітап жазылып, «Қазбат» атты фильмде түсірілген. Тәжікстанның Ауған елімен шектескен Памир тауының Пшихавр шатқалында болған қарулы қақтығыс қазақстандық сарбаздардың соңғы демі қалғанша өз міндеттеріне адал болғанын көрсетеді. 1994 жылы «Шыңдығатай» деп аталған сол кездегі шекара заставасында өзінің Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жерінен өз еркімен тәжік-ауған шекарасына аттанған Раджан көрсеткен ерлік пен жанқиярлық үлгісі үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Шекараны қорғау кезінде батальон өзінің елуге тарта жауынгерінен айырылған. Ал ең алғашқы шайқас 1994 жылдың 28 қыркүйегінде 200 қарулы моджахед Хары ауданының аумағына шекараны бұзып кірмек болған кезде басталған еді. Олардың жолына 38 қазақстандық және ресейлік шекарашы қарсы тұрды. Кіші сержант Раджан Батырханов өзінің пулеметімен моджахедтерге оқ жаудыру арқылы өз бөлімшесіне жауды тыл жағынан соғуға мүмкіндік жасайды. Алайда шекарашыларға көмек тым кеш жетеді де, ауыр жараланған Раджан лазаретке апара жатқан жолда қайтыс болады. Осыдан отыз жыл бұрын орын алған Раджан Батырханов ерлігін ұлықтауға арналған мұндай құрметті шара, еліміздің бірнеше қаласында да өз жалғасын тапқан дейді, шараны ұйымдастырушы ардагерлер одағының Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері.
– Раджандай батыр бар, батырдың аты ешқашан өшпейді. Күші тең болмасада, қалың жаумен қақтығысқан қазақтың батыр ұлдары баршылық. Солардың айқын дәлелі, Раджан. Осыдан 30 жыл бұрын батырымыз патриотизмдік рухтың нағыз үлгісін көрсетті, бүгін біз әр заманның өз батыры барын еске ала отырып, осындай іс-шара өткіздік. Шараға қатысып, қолдау танытқан Қарағанды қаласының әкімшілігіне, «Астана» өңірлік қолбасшылығына, Қарағанды облыстық қорғаныс депаратментінің басшылығына өз алғысымды білдіремін,-деп атап өтті ҚР ҚБ төрағасының орынбасары, Ұрыс қимылдарының ардагері – Нұрболат Аяған.