Жаны саудың – тәні сау

Қарағанды ​​өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасында жеке құрам арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Салауатты өмір салты – өмір нормасы» акциясы өткізілді.

Аталмыш акция Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелеріндегі құқық бұзушылықтың алдын алу және «Өміріңді сақта» ведомствоаралық бағдарламаларын іске асыру жөніндегі 2023 жылға арналған бірыңғай іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

Акция барысында жедел ден қою бөлімінің әскер қатарына шақырылғандарға, сондай-ақ тамақтану, медициналық және киім-кешекпен қамтамасыз ету, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бағынысты жеке құраммен салауатты өмір салтын насихаттау, спирттік ішімдіктер мен есірткі заттарын тұтынудың зияны туралы хабардар ету бойынша сабақ ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараға шақырылған спикерлер қатарында Әділет капитаны Заңғар Қонысбайұлы Әлкенов – ультрамарафоншы, 2020-жылы Қазақстан рекордтар кітабына енген спортшы, сондай-ақ аға сержант Жангелдинов Арман Дулатұлы – облыстық бокс турнирінде 70 кг салмақ дәрежесінде 1 орын иеленген спортшы, психолог – Қарағанды ​​қаласының облыстық орталығының нарколог дәрігері А.Кирянова болды.

Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасында «Салауатты өмір салты – өмір нормасы» акциясы салауатты өмір салты насихаты бойынша жеке құраммен өткізілді.Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының жеке құрамына қамқорлық таныту әрқашан басты назарда. Әскери қызметшілердің жағдайы жақсы болуы, дені сау, киім-кешек пен қамтамасыз етілсе, моральдық-психологиялық тұрғыда жоспарларға дайын болғанда ғана қолбасшылық алға қойған міндеттер тиімді әрі жедел орындай алады, – деп атап өтті, әскери қызметті ұйымдастыруды бақылау басқармасының бастығы, подполковник Нұржан Рымтаев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидалары түсіндірілді

Дүй Шіл 24 , 2023
Оқылды: 418 Құқық бұзушылық – заңды жауапкершілікке алып келетін құқыққа қарсы әрекет. Ағымдағы жылдың шілде айында Қарағанды облыстық гарнизонының әскери полиция бөлімі қызмет көрсетілетін гарнизонның әскери бөлімдері мен мекемелерінде қару мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Осылайша, лауазымды адамдар белгіленген тәртіппен әскери бөлімдердегі […]