Қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидалары түсіндірілді

Құқық бұзушылық – заңды жауапкершілікке алып келетін құқыққа қарсы әрекет. Ағымдағы жылдың шілде айында Қарағанды облыстық гарнизонының әскери полиция бөлімі қызмет көрсетілетін гарнизонның әскери бөлімдері мен мекемелерінде қару мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.

Осылайша, лауазымды адамдар белгіленген тәртіппен әскери бөлімдердегі атыс қаруы мен оқ-дәрілердің болуын және жай-күйін тексереді, сонымен қатар, атыс практикасы кезінде, сондай-ақ тәуліктік кезекшілікті өтеу кезінде әскери бөлімдер мен мекемелердің жеке құрамының атыс қаруы мен оқ-дәрілерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шаралары жеткізіледі. Сонымен қатар, барлық санаттағы жеке құрамның назарына қаруды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау, заңсыз дайындау немесе алып жүру және тағы басқа қылмыстық заңнаманың талаптары түсіндірілді.
Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер арасында қару мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Осы мақсатта Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімі мұндай іс-шараларды жиі өткізіп тұрамыз. Оқтаулы қару атылмай қоймайды. Бірінші орында қызметкерлердің қауіпсіздігі тұрады. Қаруды қауіпсіз ұстау қағидалары бекітіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі» – деп атап өтті өз сөзінде, Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Жарқынбек Молдаханов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

«Азия Дауысы» фестивалі Алматыда 

Сей Шіл 25 , 2023
Оқылды: 320 Алматыда ең ірі «Азия Дауысы» фестиваліне дайындық жүріп жатыр. Шара 28, 29 және 30 шілдеде Медеу биік мұз айдынының сахнасында өтеді. Halyk bank  100  жылдық мерейтойына орай Halyk«100 игі іс» акциясын бастады және қайырымдылық жобасыаясында банк 20 жылға жуық уақыттан кейін атыаңызға айналған «Азия Дауысы» фестивалін қайта жаңғыртуды ұйғарды. Осылайша, Халық өзініңтуған күнінде оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына керемет ауқымды шараның бір бөлігіболуға мүмкіндік береді. Halyk басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев фестиваль Қазақстанның айшықты белгісіне айналатынына сенімді. Оның айтуынша, Алматы қонақтары мен тұрғындары осындай ауқымды жобаны асыға күткен. «100 жылдық мерейтой аясында біз тұтынушыларымызға сыйлық жасауды ойладық. Ал Арманжан Байтасов бізге келіп, «Азия Дауысын» […]