Түркия: Алачаты — әлемдегі ең жақсы серфинг орталығы

Измир түбегінің батыс жағалауында орналасқан Чешме серфингшілер үшін өте маңызды.

Чешмеге қосылған Алачаты «әлемдегі ең жақсы серфинг орындарының» бірі ретінде танымал. Ол екпінді желі, қолайлы ауа-райы, шағыл құмы, таяз және қауіпсіз суы бар әлемнің виндсерфинг орталығына айналған.

Жақында PWA Windsurfing World Cup Алачатыда бірнеше рет өтті. Онда әлемнің ең үздік серфингшілері додаға қатысады. Алачаты жағалауында үлкен виндсерфинг клубтары мен оқу орталықтары бар, сондықтан серфингшілер серфинг жабдықтарын жалға алғанда аса қинплмайды. Тағы бір демалыс орны Урла – кайтсерфингпен айналысатын танымал орын. Қатты желдің арқасында Урла тамаша кайтсерфингке қойылатын барлық талаптарға сай. Сондай-ақ көптеген серфинг оқу орталықтары мен жеке сабақтар бар.
Кайтсерфинг жағажайы Гүлбахче орталығынан шамамен 6 км қашықтықта, жаңадан бастағандар үшін қолайлы суы таяз кең байтақ батпақты аймақта орналасқан. Желді күнде суды тамашалап, жағажайда күннің батуын тамашалай отырып, Урла мейрамханалары мен таверналарында жергілікті тағамдардың дәмді дәмін татып көруге болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Түркия: Гордион археологиялық орны «ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне» енгізілді

Сен Қыр 23 , 2023
Оқылды: 332 Гордион археологиялық орны ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген Түркияның 20-шы тарихи мұра нысаны болды. Сауд Арабиясы Корольдігінің Эр-Рияд қаласында өткен ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра комитетінің кеңейтілген 45-ші отырысында Түркияның астанасы Анкарадағы Гордион археологиялық орны «ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне» енгізілді. 18 қыркүйекте Гордион Түркияның 20-шы мұра тізімі ретінде тіркелді. ЮНЕСКО-ның […]