«Назар сал, жаяу жүргінші» айлығы өткізілді

Қарағанды Гарнизоны, Әскери полиция басқармасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қыркүйек айында «Назар сал, жаяу жүргінші» айлығы аясында әскери бөлімдер мен мекемелерде жол көлік оқиғаларын алдын-алу, болдырмау мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізіліп жатыр.

«Назар сал, жаяу жүргінші» айлығы барысында әскери қалашықтарда орналасқан мектептердің маңындағы жаяу жүргінші жолақтарында және автокөлік тұрақтарында жол жүру қағидаларын бұзудың алдын алу үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды әскери сала мамандары. Сондай ақ, Қарағанды гарнизоны әскери бөлімдерінің барлық жеке құрамымен жаяу жүргіншілердің міндеттерін зерделеу бойынша сабақтар ұйымдастырылды.

Айлық барысында гарнизондағы әскери полиция әкімшілік тәжірибе бөлімшесімен арнайы даярлаған ақпараттық кітапшалар жаяу жүргіншілерге таратылды. Шараның басты мақсаты – жол ережесін сақтамау салдары арқылы өз өміріне қандай қауіп төндіретінін түсіндіру – деп тоқталып өтті, Қарағанды өңірлік гарнизоны, әскери полиция басқармасы, әскери автомобильдік полиция бөлімінің бастығы подполковник Дүйсенғали Шайкенов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Әскери техника мен қару – жарақты қысқы кезеңге өткізу науқаны

Дүй Қаз 10 , 2022
Оқылды: 88 Міндет! Абырой! Ерлік!  «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінде қару-жарақ пен әскери техниканы қысқы пайдалану мерзіміне көшіру жөніндегі жұмыстар қарқынды жүруде. Аталған іс-шара нақты қойылған талаптар мен нормаларды сақтай отырып, жеке құрамға қауіпсіздік шараларының ережелерін жеткізу, қызмет көрсетудің тәртібі мен қысқы кезеңде техникаларды пайдалану ерекшеліктерін түсіндіру […]