Ұлттық қауіпсіздік – абыройлы міндет

Қарағанды қаласында мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшелерінің гарнизондық оқу тобының кезекті сабақтары өткізілді. Аталмыш жұмыс жоспары гарнизонның жеке құрамына жаңа нұсқаулықтың жаңалықтары мен айырмашылықтарын түсіндіру күн тәртібіндегі маңызды мәселе.

Көптеген сұрақтар жинақталды, бұл түсінікті, себебі ҚР Қарулы Күштеріне жаңа Нұсқаулық енгізілгеннен бері алты ай өтті, ал мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшелерінің гарнизондық оқу тобы жеке құрам ретінде оны зерттеп, күнделікті қызметте қолдана алады. Майор Ғ.Б.Оңғаровтың өткізген сабағында, нұсқаулық барынша түсіндіріліп, мазмұнды түрде өткен. Сұрақтар мен ұсыныстар да талқыланды, мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшелерінің гарнизондық оқу тобы қызметкерлері арасында тәжірибе алмасу және бірқатар мәселелерді ұжымдық талқылау маңыздылығы мен шараның өзектілігі тағы бір мәрте атап өтілді. Мұндай іс-шараларды өткізудің практикалық пайдасы мол, дейді жиынға қатысушылар.

Мемлекеттік құпияларды қорғау шараларын іске асыру және оларды жүргізу сапасы мемлекеттік органдар мамандарының осы саладағы білім деңгейіне, іскерлігіне және олардың сапалы дайындығына тікелей байланысты екені анық» – деп атап өтті, өз сөзінде «Астана» өңірлік қолбасшылығы басқармасының мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпарат қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Ғани Батырханұлы Оңғаров.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Әскери ұстаздар ұлағаты

Жұм Қаз 6 , 2023
Оқылды: 207 Қарулы Күштер қатарында әскери борышын өтеп жүрген,  мол тәжірибесі бар запастағы офицерлер университетет студенттерімен білгендерін бөлісті. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университетінің әскери кафедрасында 30-ға жуық запастағы офицер дәріс береді. Қазіргі таңда 800-ден астам курсант «Артиллерияны жауынгерлік қолдану», «Танк бөлімшелерін жауынгерлік пайдалану» сондай ақ «арнайы жасақтарды жауынгерлік қолдану» […]