Талғар, Қойлық қалалары ежелгі Жібек жолында болған

2023 жылдың 7-8 қыркүйегінде сағат 9.30-да «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ЮНЕСКО-ның 2022-2023 жылдарға арналған бағдарламасы аясында «Талғар және Қойлық қалашықтары Жібек жолының Чанъань-Тянь-Шань дәлізінің құрамдас бөлігі ретінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізеді.

Семинар жұмысына АҚШ, ҚХР, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің ғалымдары қатысады. 

7-қыркүйек күні семинар қонақтары ортағасырлық Талғар (Талхиз), Рахат қалашықтарымен және «Есік» музей-қорығының экспозициялық залдарымен танысып, Есік көліне барады. 

Семинар жұмысы 8-қыркүйек күні Алматы қаласындағы БҰҰ ғимаратында, ЮНЕСКО-ның Кластерлік Бюросында жалғасады.  

Семинар барысында ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген ескерткіштердің қазіргі жағдайы, сақталуы, нысандар бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысы баяндалып, шетелдік және отандық ғалымдар тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасады. 

Сондай-ақ, 8-қыркүйек күні «Есік» музей-қорығында семинар аясында музей ісі бойынша қалалық және облыстық музей қызметкерлеріне семинар-тренинг өтеді. Онда музей саласының білікті мамандары музей экспозициясындағы археологиялық бұйымдарды түсіндіру, әңгімелеу, музейлік бұйымға тартымды аннотация жасау бойынша авторлық шеберлік сабақтармен қатар қонақжай музейдің әлеуметтік дизайн тұжырымдамасы туралы тәжірибелік дәрістер өтеді.

Іс-шаралардың басталуы – 9.00-де.

Семинарға қатысты қосымша ақпаратты «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының  Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларынан алуға болады.

Мекен-жайы:

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы.

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат а/о, Өрікті ауылы, 

Есік-Александровка тас жолы, 6,6 шақырым, 2 үй.

Байланыс тел: 8 727 306 91 30,  8-727-391-34-58, 8  701 484 52 79

E-mail: issyk@inbox.ru, Вебсайтwww.issykrm.kz 

Facebook: https://www.facebook.com/issykzapovednikmuzey/

Instagram:https://www.instagram.com/issykzapovednikmuzey/

 «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Әкімшілігі

Ақпараттық демеуші: Түркітілдес журналистер қоры

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Назар сал, жаяу жүргінші

Бей Қыр 7 , 2023
Оқылды: 432 2023-жылғы қыркүйек айында Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция Басқармасы әскери автомобиль полиция бөлімінің бастамасымен гарнизон шеңберінде «Мектепке жол» акциясы және «Назар сал жаяу жүргінші» айлығы ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған іс-шаралар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігіне және әскери қызметшілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны мен олардың салдарының […]