Көздің құрты

Кез-келген елдімекеннің бас жоспары болады. Сол бас жоспарға сәйкес, құрылыс нысандары салынуға тиісті. Назарларыңызға ұсынылып отырған суреттер Жезқазған қаласындағы Алашахан көшесімен қиылысатын М.Иманжан көшесіндегі 9 қабатты көпбейінді аурухана (бұрынғы облыстық көпсалалы аурухана) мен қаламыздағы қарттар үйінің аралығынан салынып жатқан жеке меншік үй (ИЖС) секілді құрлыс жұмыстары жүріп жатқан жерден түсірілді.


Осы екі аралықтағы жер жеке меншік үй емес, аурухана қызметкерлері тұратын көпқабатты үйге, немесе қызметтік жатақханалар салуға өте ыңғайлы еді. Логикаға салсаң, мұнда екі көпқабатты үй тұрғызып, ауласын гүлдендіріп, балалар алаңы мен тренажерларды орнатуға болар еді. Барлық инфрақұрылымы бар дайын жер…
Екінші жағынан, осы жерден аурухана қызметкерлері шұғыл қажет болған жағдайда, тез арада стационарға жету мүмкіндігіне ие болатын. Мұндай тәжірибе қаламызда бұрын да қолданылған. Мәселен «Медорталықтағы» медицина қызметкерлеріне осындай жағдай жасалған. Сөйтіп, жұмыстың жанынан қызметтік пәтер проблемасын шешуге болатын. Бұл жұмыс берушіге де, жұмыскерге де ыңғайлы болар еді…

Осынау мәселені неге көтеріп отырмыз?

Әдетте, ИЖС салу үшін тұрғын үй массивін бергенде мұндай көпқабатты үйлердің жанынан бірді-екілі азаматтарға жер берілмейді. Жеке меншікке үй салушылар үшін массивпен, яғни 50-60 немесе 70-100 үйге бірақ беріледі.

Жезқазғанда жеке меншік үй салушылар үшін қаламыздың батыс аймағынан жер телімдері берілген. Сәйкесінше мұнда су, кәріз жүйесі жүргізілген.

Мына жағдайды көріп, маған бұл жерді тоқпағы мықты біреу алған болуы мүмкін немесе… деген ой келді.

Себебі бұл жерден бірді-екілі жеке үй (ИЖС) салу қала келбетіне қатысты эстетикалық талғамға да келмейді. Бірақ, талғамға таңдау жүрмейді…

Айтпағым, келісілген, бекітілген, мемсараптамадан өткен қаланың бас жоспарын шимай қағазға айналдырмай, қала келбетіне әр беретіндей оны неғұрлым көркейтуге тырысқан жөн.

Мынадай «бүйректен сирақ шығарғандай» құрылыстарға қарап, жылуы, суы мен электр қуаты жүргізілген машақаты жоқ жер… өзгені білмеймін, бірақ маған таныс-тамырларға берілгендей әсер қалдырады… Өйткені бұл жер жеке секторға жатпайды.
Тіпті өндірістік аумақ та емес…

Мақпал Орынбетова, Жезқазған қаласы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

«Тәуелсіздік лентасы» №10 мектепте

Бей Жел 2 , 2021
Оқылды: 56 Қарағанды қаласының №10 жалпы білім беретін мектебінде 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік лентасы» акциясы болып өтті. Мектеп оқушыларына Тәуелсіздік лентасы мен онда бейнеленген тарихи тұлғалалар және тарихи даталар жайлы кеңінен айтылды. Тәуелсіздік лентасында қазақ тарихына есімдері алтын әріппен жазылған 7 […]