Халықаралық ғылым және өнертабыстар көрмесінде қазақстандық оқушы алтын медаль иеленді

Алматы қаласы Алмалы ауданы N°24 лицейдің 10-сынып оқушысы Дияр Халбай Индонезияда өткен «INTERNATIONAL SCIENCE AND INVENTION FAIR (ISIF-2023)» халықаралық ғылым және өнертабыстар көрмесінде «Дейкстра алгоритімінің математикада қолданылу» тақырыбындағы зерттеу жұмысын ағылшын тілінде қорғап, жұмысы ҮЗДІК деп танылып, алтын медаль алды.

Жас зерттеуші тұтынушы үшін Орталық Азиядағы Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменістан елдерге сапарының ең тиімді нұсқасын ұсына алатын Дейкстра алгоритмі көмегімен жасалған бағдарламаны нәтижелі ұсынған. Зерттеу жұмысы халықаралық төрешілер тарапынан жоғары бағаланып, аталған кодты негізге ала отырып, одан әрі ауқымды масштабтағы бағдарламаны жасау үшін зерттеу жұмысын жалғастыруға ұсыныс айтты.
Зерттей жұмысының ғылыми жетекшілері математика пәні мұғалімдері Картабаева Айжан мен Турумбетова Гульнар.
Және де жас зерттеушіміздің өз жұмысын ағылшын тілінде үздік қорғауына ықпал етіп үлесін қосқан ағылшын тілі пән мұғалімдері Мақылбек Айдана мен Енсебаева Айнұр.

Халбай Дияр – лицей мақтанышы, 6-сынып оқып жүрген кезінен бастап олимпиадалық резервке қатысушы, алғыр оқушы. «Алматы БАЛАFEST» фестивалінде Алматы қаласы әкімінің “Алғыс хатымен” марпатталған. Аудандық, халықаралық, республикалық, қалалық байқаулардың жеңімпазы.
Атап айтқанда:
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми-жобалар конкурсының аудандық кезеңінің III дәрежелі диплом иегірі, 2022 жыл.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми-жобалар конкурсының қалалық кезеңінің жүлделі I дәрежелі диплом иегері 2022 жыл.
Тұран университеті «Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми-жобалар конкурсының қалалық кезеңінің» жүлдегері «Қолданбалы Математика» секциясы бойынша жүлдегері ретінде 2 жылдық грантпен марапатталады, 2022 жыл.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңінің математика пәнінен жүлделі I дәрежелі диплом иегері, 2022 жыл.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңінің математика пәнінен жүлделі I дәрежелі диплом иегері, 2022 жыл.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының IІ дәрежелі диплом иегері, 2022 жыл.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінің математика пәнінен І дәрежелі диплом иегері 2023 жыл.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің математика пәнінен жүлделі ІІ дәрежелі диплом иегері, 2023 жыл.
Әлемдік аренада жеңіс тұғырынан көрінген дарынды шәкіртіміз бен жетекші ұстаздарын және де №24 лицей ұжымын шын жүректен құттықтаймыз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Түрік суретшісі Мелек Зейнептің туындысы Стамбұлдағы Ататүрік мәдени орталығында көрмеге қойылды

Жек Қар 12 , 2023
Оқылды: 286 Түрік суретшісі Мелек Зейнеп Булуттың «OpenWork» атты орындаушылық және эксперименттік кеңістіктік инсталляциясы Республиканың 100 жылдығын мерекелеу шеңберінде Стамбұлдағы Ататүрік мәдени орталығында (AKM) көрмеге қойылды. Түркияда алғаш рет ашылған «OpenWork» көрмесі Ататүрік мәдени орталығына Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің арнайы бастамасымен ұйымдстырылды. Бұған дейін аталған инсталляция Лондондағы Сомерсет […]