Бабалар әруағына тағзым

«Өткенсіз бүгін, бүгінсіз болашақ жоқ» деген бір ауыз сөздің тереңінде салмақты мән-мағына жатыр. Қазақ халқы ерте заманнан бабалар рухына тағзым етіп отыруды парыз – міндет деп көкірегіне қондырған. Бабалар алдындағы перзенттік парызды орындау міндетін ұстанған  ұрпақ игі істерді жалғастыруда. Қарағанды облысы, Шет ауданы, Қарамұрын стансасында 12 тамыз күні «Құран ас» берілді.

Шараның мақсаты  – бабалар рухын ұлықтау, жастарды бірлікке, рухани тазалыққа, туған жеріне деген патриоттық сезімге тәрбиелеу. «Асың барда ел таны беріп жүріп, атың барда жер таны желіп жүріп» деп, ата бабасын еске алып, соңы тойға ұлассын деп ұланасыр ас беретін қазақтың дәстүр сабақтастығы Қарамұрын ауылында өз жалғасын тапты. Ас беру ата салтымыз деп білген байырғы Жәңгір төре ауылы, қазіргі Қарамұрын стансасының атқа мінер азаматтары ұйымдастырған бұл тойға арысы Алматыдан, берісі бес қаладан ауылдан көшіп кеткен тұрғындары қонаққа келді. Ас беруге ұйтқы болған, ауыл азаматтары мен азаматшаларына жүгініп іс-шараны ұйымдастырғандар, осынау қасиетті мекенде туып өскен – Ғалия (Орынбасар) Шәкенқызы, Көкежан Жақыпбекқызы, Сахан Ақанқызы, Жантай Шарипұлы. Ауыл бірлігі осындайда білінеді. Дайындық кезінде ауыл тұрғындары жұмыла жұмыс атқарды. Асқа 400 ден астамқараша жиналды. Жерін, елін сағынған ұл-қыздар, 50-60 жыл көріспеген ауылдастар, сыныптастар көздеріне жас алып, қуанышта қауышты. Арнайы асқа «Бала қажы» мешітінен имамдар шақыртылды. Алла үйінің қызметкерлері аруақтарға құран бағыштап, ауыл азаматтары мен жастарына мағыналы бата берді. Қарамұрын ауылындағы қорымда өзінен кейінгі бес ұрпағымен Жәңгір төре жатыр. Бүгін оларды еске алуға ұрпақтары да келген. Біртуар жазушы С.Сейфуллинның «Тар жол тайғақ кешуінде» айтылатын қыздары хор қызындай Жәңгір төренің ауылы осы. Төбел бие сойдырып, төменгі елді шақырған, жорға бие сойдырып, жоғарғы елді шақырған аста аруақтарға құран бағышталып, ауыл күніне келген адамдар өз қуаныштарымен бөлісті. Жәңгір төре жайлы ойлы жазушы Кәмел Жүністегіде аз қалам тербемесе керек. Өзінің «Құба белдер», «Соңғы абыз» кітаптарында баба тарихынан сыр шертеді. Әрі біртоға жазушы баба жеріне өз атауын берген дұрыс дейді. Ауыл тұрғындары ұлықтап, жұмыла көтеріп, ас берген Қарамұрын ауылының құрылғанына биыл 165 жыл. Жәңгір төре ауылына 19-ғасырда Шортанбай жырау мен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы келсе, 1922 жылы Ғабиден Мұстафин ауыл қонағы болған. Ал Жәңгір төре 1919 жылы өз ауылында Сәкен Сейфуллинді қонақ қылып, өлімнен құтқарып қалған. Сенім мен жігерді біріктіріп, келер жас ұрпақ баба мұрасын ұлықтап айтып жүруді хош көрген аға буынның тілегі осындай. Жеті атасы мен түбін таратып айтар, қазақ қашанда баласының тектілер қатарынан көрінгенің қалағаны осыдан ақ белгілі.

Өлі разы болмай, тірі байымайды. Алладан кейінгі киелісі – ата-анасын ғана емес, жеті атасын түгел сыйлауы, дүниеден әлдеқашан өтіп кеткен әруақтарға дұғасын бағыштау, адам баласының имани дүниесінің қаншалықты тереңде жатқанын аңғартса керек. Ауылымызда ас беріп, ата-бабаларын еске алу – тірілер үшін үлкен сауап. Байырғы Жәңгір төре ауылы, қазіргі Қарамұрын стансасында жамағат бастама көтеріп, ас берді. Ізгілік жолдан жаңылмаған ел ағалары жиналған жұртқа қазан көтеріп, дастарқан жайды. Ауылды сағынып келген жұртшылыққа, жергілікті тұрғындарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ, – деп атап өтті, өз сөзінде ауыл тұрғыны, іс-шараны ұйымдастырушы Ғалия Шәкенқызы Адамова.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Астана» өңірлік қолбасшылығы оқу-жаттығу жиынын өткізді

Жек Там 20 , 2023
Оқылды: 427 Қарағанды ​​гарнизонына қарасты, Спасск оқу-жаттығу орталығының полигонында «Астана» өңірлік қолбасшылығының жас офицерлері мен сержанттардың қатысуымен оқу-жаттығу жиындары өтуде.  Аталмыш оқу-әдістемелік жиындар «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріне одан әрі қызмет өткеруге жіберілген жоғары әскери оқу орындары мен әскери колледж түлектерімен, сондай-ақ әскери қызметін келісім шарт бойынша жалғастыруға ниет білдірген […]