Бейруттағы жарылыс

 Бейрутта жарылыс: порт қызметкерлері үй қамауында, ал құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Ливанда 4 тамыз, жергілікті уақыт бойынша 18: 00-де Бейрут теңіз портының базасында бірнеше күшті жарылыстар болды.

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Жарылыс Ливандағы Қазақстан елшілігінің ғимаратына зиян келтірді. Елшілік қызметкерлерінің көбісі жұмыс күні аяқталғаннан кейін үйлеріне қайтқан. Жұмыс орнында қалған Консул жарылыс толқынынан жеңіл жарақат алды.
Қазақстандық дипломаттар жергілікті билік органдарымен жедел байланыста, Ливандағы Қазақстан азаматтарының жағдайы әлі де анықталмақ. 
Ливан үкіметі:

– сейсенбі күні болған жарылысқа қатысты тергеу жүргізілгенше, Бейрут портының бірқатар қызметкерлері үй қамағына алынды»,-деп хабарлады.
Жарылыс 135-ке жуық адамның өмірін қиып, 4000-нан астам адамды жарақаттады.
Ұлыбританиядағы Шеффилд университетінің мамандары бұл жарылыс екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Жапонияның Хиросима қаласына түскен атом бомбасының жарылыс күшінің оннан біріне жетті және «сөзсіз тарихтағы ең ірі ядролық емес жарылыстардың бірі» деп есептеді.
Жарылысқа не себеп болды?
Президент Мишель Аун:

– жарылысқа қоймада қауіпсіз түрде сақталған 2 750 тонна аммиак селитрасы себеп болған,- дейді.
Аммоний нитраты Бейрут портына Грузиядан Мозамбикке сапар кезінде техникалық қиындықтарға ұшыраған Rhosus кемесімен келген. Бейрут портындағы қоймада 2013 жылғы кемеден түсірілген аммоний алты жыл бойы сақталған.
Аммоний нитраты- ауылшаруашылығында негізінен тыңайтқыш ретінде қолданылады. Одан бөлек тау-кен өнеркәсібінде жарылғыш заттардың негізгі компоненттерінің бірі. Ол жарылған кезде улы газдарды, соның ішінде азот оксиді мен аммиакты газ шығаруы мүмкін.
Қоғамдық денсаулық сақтау министрі Хамад Хасан Ливанның денсаулық сақтау секторында зардап шеккендерді емдеуге және ауыр науқастарды күтуге қажетті төсек-орын мен жабдықтың жеткіліксіздігін айтты.
Жарылыс болған жерге жақын орналасқан Сент-Джордж ауруханасы қатты зақымданды және бірнеше қызметкер қаза тапты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мәлімдегендей, Бейруттың үш ауруханасы жабылды, ал қалған екеуі ғана жартылай жұмыс істеп тұр.

– жарылыс кезінде көптеген ғимараттар мен үйлер қалдыққа айналды және 300 мыңға жуық адам баспанасыз қалды -деп хабарлады Бейрут губернаторы Марван Абуд.
Бірнеше мемлекет гуманитарлық көмек ұсынды. Үш француз ұшағы, 55 құтқарушы, медициналық жабдық және 500 адамды емдеуге арналған жылжымалы клиника жіберілді. Ал президент Эммануэль Макрон бейсенбі күні елге келеді. ЕО, Ресей, Тунис, Түркия, Иран және Катар гуманитарлық көмек жіберді.                    – Ұлыбритания медициналық сарапшылар мен гуманитарлық көмек жіберуге дайын,* деді сыртқы істер министрі Доминик Рааб.
Жарылыс, Ковид-19 дерті күшейіп тұрған кезле, Ливан үшін қауіпті уақытта болды. Ауруханаларда дәрігерлер барынша күресуге тырысты. Індет Ливанда әлі де сақталған. Енді олар мыңдаған жарақаттанған жанды емдеуге мәжбүр. 

Жарылыс Ливан үшін өте қолайсыз уақытта болды. Елде коронавируспен күрес өте ауыр түрде жүріп жатқан еді. Енді олар оған қоса мыңдаған жаралыларды емдеуге мәжбүр.
Президент Аун үкіметтің төтенше жағдайға 100 миллиард лира бөлетінін мәлімдеді, бірақ жарылыстың экономикалық әсері ұзаққа созылады деген болжам бар.
Жарылыс 2005 жылы бұрынғы премьер-министр Рафик Хариридің өмірін қиған көлік жарылған жерде болды. Шабуылды ұйымдастырды деп айыпталған төрт адамның ісі бойынша үкім жұма күні Нидерландтың арнайы сотында шығарылуы керек еді, бірақ ол сейсенбідегі жарылыс құрбандарын аза тұту күніне орай 18 тамызға қалдырылды.

Ағылшын, орыс , қытай сайттарынан аударылды.

Нұрәсем Ахан. Қарағанды облысы, Жәйрем кенті

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Ұлттық саясаттың жеңіс күні!

Бей Там 13 , 2020
Оқылды: 1  123 Күтпеген бір хабар келді – коммунистердің Бас прокуратураға жазған ашық хаты. Оқыдым, көңілімнен шықты. Сенесіз бе, қуанып та қалдым. Неге дейсіздер ғой? Коммунистер партиясы – суырлар сияқты індерінен басын шығара бастапты, ұлтшылдарымыздың олардың ұяларына құйған сулары  жетіп, сыртқа айдап шыққан сияқты. Елін ойлаған ұлтшыл азамат және азаматшаларымыздың  айтқан […]