АҚШ-тың 46- шы президенті анықталмақ

ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫНАН

 

АҚШ тарихында ең жас президент -Джон Кеннеди (43 жас), ең қартаңы Дональд Трамп (74 жас) болды.

2020 жылы Праймериз және кокустар ақпан айынан маусым айына дейін өткізіледі.

2020 жылы «Керемет сейсенбі» 3 наурызға түсті.

Дональд Трампқа қарсы демократиялық праймеризге кандидаттардан тек Джо Байден ғана қалды.

2020 жылы сайлау 3 қарашада өтеді. 

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

төрт жыл сайын американдықтар  Президент сайлауын өткізеді. Осы жылдың 3 – қарашасында өтетін сайлауда АҚШ-тың 46-шы президенті анықталмақ.

АҚШ президенті кім бола алады?

  • Тек АҚШ- та туған азамат қана сайлауға түсе алады
  • Соңғы 14 жылда АҚШ-та тұруы тиіс 
  • Кандидатт 35 жастан жоғары болуы міндетті

АҚШ тарихында ең жас президент -Джон Кеннеди (43 жас), ең қартаңы Дональд Трамп (74 жас) болды.

Праймериздің кокустардан айырмашылығы неде?

АҚШ-та президенттік сайлау, президенттікке үміткер атағына ең танымал үміткерлерді анықтау үдерісінен кейін басталады. Ол үшін бүкіл ел бойынша праймериз (алғашқы сайлау немесе іріктеу) және кокустар (партия белсенділерінің өзара ішкі жиналыстары) өткізіледі. Қарсылас партияның көшбасшысымен Президент лауазымына таласпас бұрын, кандидат өз партиясы ішіндегі сайлауда жеңуі тиіс.

2020 жылы Праймериз және кокустар ақпан айынан маусым айына дейін өткізіледі.

  • Праймеризді Штаттар өздері ұйымдастырады. Праймеризге дауыс беру кезінде арнайы жәшіктер пайдаланылады.
  • Праймериз жабық немесе ашық түрде өтеді. Бірінші жағдайда қандай да бір партияның жақтаушылары ретінде алдын ала тіркелген сайлаушылар дауыс беруге құқылы. Екіншісінде барлық ниет білдірушілер дауыс бере алады.                                                                                                                 
  • Кокус форматында екі партияның мүшелері қоғамдық ғимараттарда жиналып, кандидатқа ашық дауыс береді. Кокустарды өткізу қаржысын партия төлейді.
  • Кокустар жабық және ашық түрде өтеді. Ережелері праймериздегідей.
  • Кокустың нәтижелері партия осы штатта өткізілетін праймеризге қатыспаса немесе мүлде праймериз болмаған жағдайларда ғана шешуші болып табылады.

АҚШ-та “Керемет сейсенбі” күні партия праймериз бен кокустарды бір уақытта бірнеше штатта өткізеді. 2020 жылы «Керемет сейсенбі» 3 наурызға түсті.

Партиялық съездер дегеніміз не?

  • Праймериз бен кокустардан кейін республикалық және демократиялық партиялар съезд жасап, оған әр штат өз делегаттарын жібереді.
  • Ресми түрде президенттікке үміткер болу үшін номинант делегаттардың жартысынан көбісінің даусына ие болуы керек.
  • Осы жылы Демократиялық партия номинациясын ұтып алу үшін кандидат 1990 дауыс алуы тиіс (съезде барлығы 3979 делегат).

https://tass.ru.

https://ru.wikipedia.org

Материалды  http://aimaq09.kz/ сайты  үшін арнайы аударып, дайындаған

Нұрәсем Ахан

Қарағанды облысы, Жәйрем кенті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Теміртаудағы мемлекеттік тілге оң көзқарас

Сей Мам 26 , 2020
Оқылды: 1  329 Теміртауда қаласындағы тіл жанашырлары  «шаһарда тіл мәселесі өзекті»,- деп шулаған соң,  біздер де сол тіл жанашырларымен хабарласып, құзырлы мекемелерден жауап алып, бірқатар түйткілдерді жазған едік. Енді  «Теміртау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мамандары қаладағы мемлекеттік тілді дамыту жайында атқарылып жатқан жұмыстары жайында ағынан ақтарылыпты. Әрдайым қазақ […]