Қазақстанның тәуелсіздігі кімнің қолында?

Сыртқы саяси алаңымызда терең тектониқалық өзгерістер болып жатыр. ЕАЭС тек бір экономиқалық бірлік түсінігінен асып, жаңа одақ құру, тіпті бір мемлекетке бірігу жолына қарай жайлап жылжып бара жатқанға ұқсайды. Егемендік хақымызды қолдан беріп, тәуелсіздігімізді тарылту жолына түскен сыңайымыз бар. 
Бүтін Қазақстанның мемлекет басқару жүйесінің цифрлық алаңын, көрші елдің бір банктық жүйесіне беру, уран шикізаты мен өндірісін де соларға тапсыру, ақыры бір атом электростансасын салуға қайта бет бұру «шектеулі» тәуелсіздік орнауына, ішкі және сыртқы саясаттағы маңызды мемлекет функцияларын басқа бір мемлекетке тапсыру бастамасы ма деген ой келеді.
Үкіметіміз «күшті көршінің» айдауына көніп, жүргізіп отырған әлсіз «инертті» сыртқы саясаты, жеткілікті дәрежеде «легитимді» еместігімен байланысты ма, осы? Қазіргі үкіметімізді біз, толыққанды азаматтық қоғам, демократиялық көппартиялық жүйе қалыптасқан саяси жүйенің өнімі дей аламыз ба? Осындай солқылдақ саясат жүргізулері өз халқынан терең қолдауға ие бола алмағандығынан шығар, мүмкін. Бәлкім, сол қолдауды тіпті қажет санамауларында ма екен?
Тәуелсіз сыртқы саясат жүргізу үшін, «технократиялық» басшылыққа ерекше күш беретін, егеменді биліктің қайнар көзі саналатын халықтың, өз тәуелсіздігін қорғауға бағытталған табанды көзқарасы қажет. Ата заңымыз- Конституцияда осылай көрсетілген. Яғни, егеменділікке байланысты мәселер тек халықтың қолдауымен қарастырылып, шешілуі тиіс!
Осы кезеңге дейін, біздің бірнеше тілді меңгерген, тәжірибелі «технократ» билігіміз тәуелсіздікті қорғау мақсатын тек мемлекеттік «статусты» қорғаумен байланыстырды. Бұл «статус» түсінігіне шекара, экономиқалық мүдде, Президенттік биліктің құзіреті, мемлекеттер арасы шарттар сияқты т.б «ресми» ұғымдар кіруші еді.
Бірақ бұл ұғымдардың «ядросын» құрайтын негізгі түсінік енді ғана өз маңыздылығын иелене бастады. Бұл – Қазақ Елі, Мемлекеттік Тіл және жалпы қазақтардың мүддесі. Бұл фактордың пайда болуы – объективтік жағдай, демография және ұлттық сананың күшейуіне негізделген унитарлық мемлекетке тән даму көрінісі.
Сонда да билік басындағылар бұл өзгерістерге әлі де реалистік көзбен қарай алмай, бұдан керекті дәріс алмай келеді.
Егемендігімізге, ел болашағына өлім не өмір дейтіндей, аса маңызды мәселелерді ешқандай талқыға салмай, қоғаммен санаспай-ақ өткізіп жіберулері қауіпті тәжірбие. Бұрын айтылмаған, мемлекеттік маңызы бар шешімдердің жасырын қабылданып жатқаны… арты жақсылыққа апара ма? Бірнеше адам кеңескен шұғыл шешім, миллиондаған халқымыздың келешегінің тамырын балталамас па екен? Кешегі қабылданған шешімдер бізді егемендіктен айыра бастайтын жолдың бастамасы емес пе? Бүкіл басқару жүйесінің цифландыру алаңын басқа бір елдің Сбербанк жүйесіне бере салу Тәуелсіз мемлекеттің шешіміне жата ма?
Ресейдің Президенті біздің басшыларымыздың осы шешіміне зор ризашылығын білдірді. Көрші елдің Президентінің сол кездегі жүзі, қақпақсыз қалған қазаннан, қаймаққа тойған мысыққа ұқсап кеткендей болды…
Қазақ Елі, болашақ ұрпақ, бостандықтар мен Демократия үшін.
Бейбіт Оспанұлы Күлмағамбет. 

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Сарышаған ауылында

1965ж. дүниеге келген.  Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің заң фак. бітірген.

ҚарМУ-нің қылмыстық кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарған.

Түркиядағы Докуз Ейлюл университетінің докторанты.

«Шығыс тәттілерінің Қарағанды фабрикасы» кондитерлік компаниясының директоры.

Сайтымыздың тұрақты авторы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Ауыл мен ауылшаруашылығын дамытуда қосқан әйелдердің үлесі

Сәр Қыр 15 , 2021
Оқылды: 1  858 Қазақстанның шығыс және орталық облыстарының өңірлік форумы «Ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытуға әйелдердің қосқан үлесі» Форумды ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, «Coca-Cola» халықаралық қоры және Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары әкімдіктерінің қолдауымен «Жасыл экономиканы» қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясы» […]